Білім

Абай туындылары — мәңгілік мұра

Мектеп

Ақтөбе қаласындағы Ф.Оңғарсыноваатындағы №41мектеп-гимназиясында «Абай оқулары» элективті курс бағдарламасы бар.Бұл курс бастауыш сынып оқушыларына арналған. Бағдарламаның мақсаты — халқымыздың дана перзенті Абайдың әрбір шығармасын тереңдете оқыту.

Абай — қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы. Ақын — жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның сырына терең  бойлаған кемеңгер ойшыл. Абай музыка саласында да мол мұра қалдырды. Ақын әндері бізге толық жетті. Себебі Абай туындылары халықтың жүрегінде сақталды, халық санасынан өшпес орын алды. Осындай асылмұраны жас ұрпақ санасына сіңіру арқылы оқушыларды инабаттылыққа, парасаттылыққа, имандылық пен ізгілікке тәрбиелейміз. Бағдарламаның басты міндеті де осы.

Ақкенже СМАҒҰЛ,

Ф.Оңғарсынова

атындағы №41 мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button