Білім

Еңбек — тәрбиенің қайнар көзі

Мектеп

Шолпан МЫРЗАҒҰЛОВА,

№47 орта мектептің көркем еңбек пәнінің мұғалімі.

Көркем еңбек пәні оқушылардың шығармашылық қабілетін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалды түрде қабылдауын қалыптастыруға бағытталған. Түрлі өнер саласы бойынша білім мен дағдыны қалыптастыру, оқушылардың көркемдік қабілетін, көру, есте сақтау, зейін мен қиялды дамытуға негіз болады. Пәнді оқу барысында түрлі материалдар, құралдар мен тəсілдерді қолдану — оқушылардың сенсорикасын, қолдың моторикасын жəне көзбен нақты мөлшерлеуін дамытады.

Көркем еңбек сабағында жобалау әдісі қолданылады. Жоба  түрлі бөлімдерден, арнайы сызбалардан, суреттерден, жасалатын бұйымның технологиялық картасынан құралуы мүмкін. Ол бұйымдарды жасаған кезде есеп, экономикалық немесе экологиялық дәлелді түсінік хаттар да пайдаланылады. Жобаның бірнеше нұсқасы болуы мүмкін. Мысалы, өте күрделі жобаны оқушының өзі ғана орындауы шарт емес. Сондықтан жобаның кейбір бөлігі дайын күйде берілсе, кейбір бөлімін оқушы мұғалімнің, ата-ананың көмегімен орындай алады. Егер бір күрделі жобаны бірнеше оқушы бірлесіп орындаса, әр оқушының үлесі алдын ала анықталуы қажет.

Шығармашылық жоба — әр оқушының жыл сайын мұғалімнің көмегімен орындайтын өзіндік жұмысы, басқаша айтқанда, технология пәні бойынша жүргізілген шығармашылық жұмыс. Шығармашылық жобаның технология пәнінде алатын орны өте зор. Сол арқылы оқушының ұлттық дүниетанымы, эстетикалық талғамы дамиды.

Қазіргі кезде білім беру кеңістігінде инновациялық үрдістердің бағыттарының бірі — мектепке бағдарлау. Оқушылардың қызығушылығы, қабілеті толық ескеріліп, сол қажеттілікке сай тиімді жағдайлар жасалып, білім беріледі. Сабақ — оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің негізгі формасы. Ендеше, сабақтың мәнді өтуі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Инновация — оны жеке түсініп, оқу үрдісіне енгізу — оқушылардың саналы да сапалы білім алудың бірден-бір шарты.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button