Білім

Үлкендер жолы ұлағат

Ақтөбе автожол колледжінде «Үлкендер жолы ұлағат, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында іс-шара өтті. Шараға ардагер ұстаздар, колледж оқытушылары мен оқушылар қатысты.

Жиында колледж басшысы Г.Жұмағазина ардагер ұстаздарымыздың еңбегі, олардың тәлімі жас мамандарға үлгі екенін айта келе, Оқу-ағарту министірінің атынан Алғыс хатпен марапаттап, құрмет көрсетілді.

Білім ордасының мәжіліс залында ұйымдастырылған шараға қатысушылар оқушылардың ән-биін тамашалады.

Шара барысында саналы ғұмырын ұстаздық жолға арнаған ардагерлеріміз жастарға тәрбиелік мәні зор, ғибратты әңгімелерін айтып, білім алу жолындағы қадамдарына сәттілік тіледі.

Ардагер ұстаздарымыздың уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған кездесу кешінде колледж жанынан алғаш рет «Ардагер ұстаздар» кеңесі құрылып, жоспарлары айқындалды. Кеңес мүшелерінің ақылдары мен ұсыныс-тілектері тыңдалды. Ардагер ұстаздарымыз — К.Естайқызы, К.Сағиқызы, В.Сілімқызы, М.Мырзабайұлы, Қ.Жұматұлы,

Қ.Тәкібайқызы және басқалары өз естеліктерінде жұмыстың қадірін жете білуді тағы бір мәрте сезіндіргендей болды. Біз де өз тарапымыздан кеңес белсенділерімен бірлесе жұмыс жоспарымызды құрып, ойларымызбен бөлісіп, ұрпақ тәрбиесіне, оқу-білімге қатысты тәжірибелерімізбен бөлістік.

 С.ЕЛЕУСІЗОВА,

Ақтөбе автожол колледжінің әдіскері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button