Білім

Облыс абыройын асқақтатқан ұстаздар

Ақтөбелік бес ұстаз «Үздік педагог — 2023» республикалық конкурысының жеңімпазы атанды. Облыс намысын қорғаған педагогтердің үшеуі— Ақтөбе гуманитарлық колледжінің оқытушылары. Олар — Бибігүл Жамекова, Кабира Ниетбаева, Гүлсім Наменова. Бір оқу орнының үш бірдей ұстазының жеңімпаз атануы  облыс түгіл, республика тарихында бірінші рет болып отыр. Байқауда М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының физика пәнінің мұғалімі Сабыржан Жылгелдин мен №4 Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Рунат Таимова да үздік атанды. Конкурс қорытындысында олардың әрқайсысына  «Үздік педагог» куәлігін, «Үздік педагог» төсбелгісін және 3 450 000 теңге (1000 АЕК) көлемінде ақшалай сыйақы табыс етілді.

«Үздік педагог» республикалық конкурсы қорытындысында ел бойынша 64 педагог үздік атанды. Соның 5-еуі —біздің өңірдің педагогтері. Бұл — біз үшін үлкен абырой, үлкен қуаныш.

«Педагог мәртебесі туралы» Заңға сәйкес педагогтерді ынталандыру мақсатында жыл сайын «Үздік педагог» республикалық конкурсы ұйымдастырылады. Бұл байқау 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Осы уақыт аралығында облыс бойынша 53 ұстаз үздік атанды.

Биыл өңіріміздің 26 педагогі «Үздік педагог» конкурсының облыстық кезеңіне қатысып, оның 7-еуі республикалық кезеңге жолдама алған болатын. Республикалық кезеңге өткен педагогтердің 5-еуі «Үздік педагог» атағының иегері атанып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес Оқу-ағарту министрлігі тарапынан 1000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталды, — дейді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Оның айтуынша, Ақтөбе қаласындағы мектептерден 24 педагог үздік атанған. Ал аудандар арасында Хромтау ауданы көш бастап тұр — 3 мұғалім жеңімпаз атаныпты. Өңірдегі бес ауданда — Алға, Байғанин, Темір, Қарғалы, Қобдада бір-бірден үздік бар. Ал алты ауданда — Әйтеке би, Мәртөк, Мұғалжар, Шалқар, Ойыл, Ырғызда үздіктер мүлде жоқ екен.

Мектептер арасында Мақсот Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты көш басында келеді. Бұл білім ордасында бес ұстаз — Мейрамгүл Нұрбаева (2013 жыл), Гүлназ Мыңжасарова (2018 жыл), Балия Жолаева (2020 жыл) және Гүлзат Жолаева (2022 жыл), Сабыржан Жылгелдин (2023 жыл) үздік атанды. Колледждер арасында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжі алдыңғы қатарда тұр.  Биылғы конкурстың қорытындысында Ақтөбе  гуманитарлық колледжінің педагогтері облыс абыройын асқақтатты, — дейді Нұргүл Лескенқызы.

Айта кету керек, педагогтерді көтермелеудің жергілікті жүйесі де қалыптастырылған. — 2020 жылдан бері «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» және «Ақтөбе облысының үздік педагогі» атақтары беріліп келеді. Бұл атақтарға ие болған педагогтерге облыс әкімінің қаулысына сәйкес 300 айлық есептік көрсеткіш және 500 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі қаржылай сыйақы да тағайындалған. Бүгінге дейін 28 педагог жергілікті ерекшелік белгілерінің иегері атанды, — дейді Нұргүл Бертілеуова.

Республикалы қбайқауда облыс мерейін үстем еткен ұстаздың бірі — М.Құсайыноватындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Сабыржан Жылгелдин. Сабыржан Жексенғалиұлы 11 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан конкурс қорытындысы бойынша өңірдегі жас жеңімпаздардың бірі болуымен де ерекшеленеді. Сабыржан 31 жаста. Ол — Ақтөбе қаласындағы №36 қазақ мектебінің түлегі.  Сабыржан Жылгелдин Қ.Жұбановатындағы Ақтөбе өңірлік университетін тәмамдаған соң еңбек жолын 2016 жылы М. Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында бастады.

Сабыржан Жексенғалиұлы үнемі ізденіс үстінде жүреді. Жас ұстаз жаңашылдыққа жаны құмар. Ол кәсіби еңбек жолында көптеген жетістікке қол жеткізді. Халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалардың жеңімпазы.  Мысалы, 2020 жылы Қазақстан Республикасы педагогтерінің кәсіби шеберлігін шыңдау, біліктілігін дамыту, таланты педагогтерді анықтау және қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Пән олимпиадасының үздігі-2020» олимпиадасының бас жүлдесін иеленді. Назарбаев зияткерлік мектептерінің ұйымдастыруыменө ткен физика пәні мұғалімдерінің арасындағы конкурстың гран-при иегері, облыстық педагогикалық идеялар панорамасы байқауының І орнын жеңіп алды, сондай-ақ «Жас ғалым» төсбелгісінің иегері.

Білікті ұстаз — «BilimAll» ақпараттық-білім беру жобасының виртуалды педагогі, Ақтөб еоблысының физика пәні мұғалімдері Ассоциациясының директоры, ұлттық тестілеу орталығының құрастырушысы, сарапшысы және аппеляциялық комиссияның мүшесі. Қазақстан Республикасының математика пәні мұғалімдері Ассоциациясының мүшесі, олимпиада құрастырушысы, аппеляциялық комиссияның мүшесі. Оқушылары көптеген республикалық, облыстық олимпиадалардың, әртүрлі жобалардың жүлдегері атанып, жоғары жетістікке жетті, — дейді Нұргүл Лескенқызы.

Биыл конкурсқа қатысу үшін республика бойынша жалпы 961 өтінім түскен. Байқауды өткізу рәсімі автоматтандырылған және ол ашық түрде ұйымдастырылды. Республикалық конкурстық комиссияның құрамында үкіметтік емес ұйымдар, ата-аналар қауымының өкілдері, журналистер, белсенд іпедагогтер, білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіподағының өкілдері болды.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button