Денсаулық

Ұлттық жоба және ауыл медицинасы

Үкіметтің қаулысы бойынша өткен жылдың соңында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасының бекітілгені белгілі. Мақсат — ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсету деңгейін көтеру. Сол қалай орындалып жатыр?

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бекболат Ізбасаровтың айтуынша, өңірде бұл бойынша 2023-2024 жылдарға 32 нысанның құрылысы жоспарланған. Соның 29-ы алғашқы медициналық санитарлық көмек беруге арналса, қалған 3-еуі — көпсалалы орталық аудандық аурухана.

— Денсаулық сақтау министрлігіне 15  жоба жолданды, оның тек 8-і қолдау тапты. Республикалық бюджеттен 1,1 миллиард теңге, облыс қазынасынан 126миллион теңге бөлінді.

Қазіргі уақытта 8 нысанның 3-еуі пайдалануға берілді:Мұғалжар ауданының Бұлақты ауылында және Хромтау ауданына қарасты Аққұдық ауылындағы медициналық пункт, Байғанин ауданы Кемерші ауылындағы дәрігерлік амбулатория. 5 ғимараттың құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр, жыл соңына дейін тапсырылады деп күтілуде, — деді ол.

Келер жылға 14 жоба жоспарланыпты. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамаға жолданған.

Ал облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Аслан Жарасбаев жоба аясында аудандарда медициналық пункт, дәрігерлік амбулатория, фельдершлік-акушерлік пункт салынатынын атап өтті.  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте кейбір медицина мекемелеріне жапсаржай салынатыны, сол арқылы ғимараттардың кеңейтілетіні айтылды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button