Білім

Тәлімі мол тәрбиеші

Балабақша

Тәлімді тәрбие беру тұтастай ұлтты тәрбиелеумен тең. Ұрпақты ізгілікке баулып, тура жолға жетелеп жүргендердің бірі — Жәмила Қуандыққызы.

Ол Мәртөк ауданындағы Саржансай ауылының №5 «Балбөбек» мемлекеттік бөбекжай-балабақшасында абыройлы қызмет атқарып келеді.

Кейіпкеріміз Жәмила әр баланы өз баласындай жақсы көреді. Ол үшін балалармен жұмыс жасау — үлкен бақыт. Оның әр күні қызықты өтеді. Білікті маман күн сайын бүлдіршіндерге зияткерлік ойын ұйымдастырып, балалардың шығармашылығын шыңдайтын іс-шаралар өткізеді.

Ұрпақтың саналы болып қалыптасуы үшін сапалы біліммен қатар, денінің саулығын бірінші кезекке қоятын ол балалардың уақтылы ас ішіп, дене жаттығуымен айналысуына мән береді. Кейіпкеріміз бала жанын түсіне білетін, нағыз өз ісінің білгірі. Жәмила Қуандыққызы — әріптестерінің, шәкірттерінің арасында сыйлы да тәжірибелі маман.

Лиза ЖАСАҚОВА,

Мәртөк ауданы,

Саржансай ауылы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button