Білім

Ұстаз

Білім саласында үздіксіз еңбек етіп жүрген ақтөбеліктердің бірі – Нұргүл Әбішева. Ол 7 жылдан бері Ақтөбе облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директоры. Ол негізгі қызметіне қоса Amanat партиясының «Құрмет» бастауыш партия ұйымына төрағалық етіп, партия бастамаларын тиімді жүзеге асырып келеді.

Нұргүл Әбішева алғашқы еңбек жолын мектепте орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы болып бастаған. Кейін Ақтөбе педагогикалық училищесінд, біліктілікті арттыру институтында еңбек етті, Ақтөбе облыстық ғылыми – практикалық орталығын басқарды. 2016 жылдан бастап Ақтөбе облысы бойынша филиалының «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ директоры болып жұмыс істеп келеді.

Осы жылдар ішінде ол үнемі білімін тереңдетіп, ізденісте болды. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі атағы үшін Алматы қаласындағы Абай атындағы мемлекеттік университетте диссертациялық жұмысын қорғады. Сондай-ақ Оңтүстік Кореяның Токио қаласында  біліктілігін арттырды. Ол оқу-әдістемелік құралдардың, ғылыми мақалалардың авторы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Педагог-зерттеушісі» атағының иегері.

– Заман талғамына сай ұрпақ тәрбиелеуді білікті де білімді, құзыретті, жауапкершілігі мол ұстаздар ғана жүзеге асыра алады. Білім сапасын жақсарту және мұғалімдердің біліктілігін арттыру ауадай қажет екенін Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында айтты. Біздің институт мұғалімдердің біліктілігін арттыруменайналысады. Білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында еңбектеніп келеміз,- деді ол.

Нұргүл Әбішева партияның Ақтөбе облыстық филиалы жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің, Білім және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңестің мүшесі. 2019 жылдан бері «Құрмет» бастауыш партия ұйымын басқарып, 500-ден астам партияластардың басын біріктіріп отыр. Осы жылдар ішінде «Құрмет» бастауыш ұйымы үздіктер қатарынан көрініп, белсендігімен танылды.

Меңтай Бектұрсынова.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button