Білім

5 санат және тегін тамақ

Мемлекет қолдауы

Қыркүйектің 1-інен бастап атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 5 санаттағы отбасының балалары балабақшада тегін тамақтаныпжатыр. Мұндай қолдау елімізде бірінші рет қолға алынуда. Соның арқасында қазір 5993бала тегін тамақтанатын болды. Балақайларғакөрсетілгенмемлекетқамқорлығы туралы облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбековамен сөлескен едік.

Мемлекет басшысы Қасым-ЖомартТоқаевтың тапсырмасының арқасында атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы балалары бұрын-соңды болмаған қолдауға ие болып отыр. Бұл — үлкен жаңалық. Өйткені бұған дейін (5-6 жылдан бері) атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасының балаларына ғана мемлекет тарапынан көмек көрсетілген-ді. Оның өзінде олар тамақ ақысынтөлеуден толықбосатылған жоқ:70 пайыз жеңілдікке ие болды.Күні кешеге дейін облыс бойынша 979 балдырған осы жеңілдік бойынша тамақтанды. Ал қыркүйектің 1-інен бастап тегін тамақтанатын санат саны да, жеңілдік көлемі де артты. Соған сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж 5 санаттағы отбасының балалары тамақ үшінмүлде ақы төлемейді. Соның арқасында өңірдегі 5993 балапан тегін тамақтанатын болды. Бұл мақсатта бюджеттен 337536 мың теңге қарастырылған, — дейді Гүлжан Құлыбекқызы.

Қазір Ақтөбе қаласындағы балабақшалардағы тамақ үшін күн сайынғы төлем — 800 теңге, аудан орталықтарындағы баға — 700, ал ауылдарда — 600 теңге.

Көмек көрсетілетін 5 санат: атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар,  атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар (облыс бойынша 43 898 теңге);жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар;төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар, алқалы орган шешімі (қамқоршылық кеңес) негізінде әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балалары.Бұл санаттардағы балалар үшін тамақтануға арналған шығыстардың бәрі жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Айта кету керек, мектепке дейінгі білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті мектепке дейінгі ұйымдар мынадай растайтын құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырады:ата-анасының немесе олардың заңды өкілдерінің жазбаша өтініші;өтініш берушінің (отбасының) жекелеген санатқа жататындығын растайтын анықтама (қаулы, бұйрық) болуға тиіс.

Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін тамақтануға төлем жасау құқығы осы әдістемелік ұсынымдардың 3-тармағына сәйкес мектепке дейінгі ұйымға нақты келген кезеңде тоқсан сайын мектепке дейінгі ұйымға құжаттар ұсынумен расталуға тиіс.

Тамақтану үшін ата-ананың ақы төлеу мөлшері жыл сайын облыс әкімінің қаулысы  негізінде бекітіледі. Мектепке дейінгі ұйымның басшысы қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде оларды қарайды және әлеуметтік көмек ұсыну немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды, — дейді Гүлжан Құлыбекқызы.

Оның айтуынша, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес облыстық әкімдік мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен білім беру мақсатында тиісті шаралар қабылдап жатыр. Мысалы, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі сапалы біліммен қамтамасыз ету бойынша балабақшаларды іске қосудың 2025 жылға дейінгі қадамдық жоспары әзірленіпті. Жоспар аясында 2025 жылға дейін 9915 орынға 99 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланып отыр. Биыл сыйымдылығы 2600 орындық 26 балабақша ашу жоспарланған. Бүгінде 1505  орындық 19 жекеменшік балабақша ел игілігі үшін пайдалануға берілді.

Қазір біздің өңірде 597мектепке дейінгі ұйым бар. Онда 45 731 балапан тәрбиеленіп жатыр. 2-6 жастағы балдырғандардың балабақшамен қамтылу көрсеткіші — 93 пайыз.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button