Білім

Кәсіпкердің көмегі

Мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетуді мақсат тұтқан, дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы аясында түрлі қайырымдылық шаралары өтіп жатыр.

Тігін ательесін ашып, есту қабілеті бұзылған, пробациялық бақылауда тұрған, түрмеден шыққан адамдарды жұмыспен қамтып отырған «Келешек» тігін ательесінің басшысы, әлеуметтік кәсіпкер Бану Мырзағұлова да осы игі іске өз үлесін қосып отыр.

— Бұл кәсіппен жеті жылдан бері айналысып келемін. Ательеде он тоғыз адам жұмыс жасайды. Тіккен киімдеріміздің сапасы жақсы болғандықтан, басқа өңірлерден де тапсырыстар жиі түсіп тұрады. «Мектепке жол» акциясына жыл сайын қатысамыз. Бүгін бастауыш мектептерде оқитын  киімге мұқтаж елу оқушыға өз қолымызбен тігілген мектеп формасын тегін беріп отырмыз, — дейді ол.

Ақтөбе қалалық мәслихаттың төрағасы Анар Даржанованың айтуынша, бұл іс-шара аз қамтылған көпбалалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізіліп отыр екен.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button