Әдебиет

Біздің Тәкең

Төрежан Мәндібай 1937 жылы 18 наурызда Шалқарауданының «Сарытепсең» колхозында дүниеге келген. 1960 жылы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. Ұзақ жылдар бойы педагогтік қызмет атқарды.

Алғашқы шығармалары «Жас керуен», «Жібек жел», «Күлемізбе, қайтеміз?» атты ұжымдықжинақтарғаенген. 1982 жылы «Сыпыртқы командасы», 1987 жылы «Оңай деймісің», 1997 жылы «Махаббат минөті», 2004 жылы «Қазығұрт-Қорасан» атты сатиралық кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ «Ақтөбе кітапханасы» сериясының 18-томына түгелдей Төрежан Мәндібайдың шығармалары енді.

ҚР Жазушылар одағының мүшесі. Шалқар ауданының құрметті азаматы.

Біздің Тәкең қызық адам. Сәл нәрседен тулап басын ала қашады да, сәл нәрсеге балаша мәз болып, бауырмал күйге көшеді. Нағашы жұртының ортасында өскендіктен бе, әңгіменің басында жөн сөзге келе қоймайды. Сонысына қарап жұрт оның нервісі тозған деп ойлайды. Нервісі тозбақ түгіл басқа адам болса, әлдеқашан жынданып кеткен болар еді. Аузы қисық Аухалбайға дейін мұны көргенде амандық-саулықтан бұрын:

— Екі қолын көтеріп неміске өтіп кеткен әкеңнен хабар жоқпа? — деп мұның соғыста хабарсыз кеткен әкесін кекетіп өтер еді. Қырық жылдан бері соның хабары жанын қинап жүргендей тағы тіктеп:

— Шын айтам, хабар жоқ па? — дер еді.

— Соғыстан қашып, айдалада ит-құсқа жем болған әкеңнің…

Тәкең Аухалбайдың әкесін сыбап салар еді. Бұл асырып боқтаған сайын анау рахаттана күлер еді. Көптен әкесін боқтата алмай, зәбір көріп жүрген кісіше мәз болар еді… Сосын Тәкең қайдан жөн сөйлесін. Кер кетіп жүре береді. Тәкең жалғыз, бұлар көп. Бәрі шетінен қырсық. Бәріне төтеп беру оңай ма?

Тәкеңнің нағашыларымен шахмат ойнағаны кішігірім комедия. Күлкіге көміліп, бір рахаттанасың. Жұмыс бізде бір мезгіл. Түске дейін бала оқытамыз. Түстен кейін шахматқа жиналамыз, Тәкең болса завхоз. Тиісті адамдарға нұсқау беріп, ол да жетеді. Келіп әркімнің ойынына бір қарайды. Қараған соң қуыс ауыз қарап тұра ала ма. Әлдекімге ақыл айтады. Ақыл айтқанды кім жақсы көреді. Өздері де ақылды. Содан келіп ұтқан адам Тәкеңнің өзін күйгеннен жекпе-жекке шақырады.Тәкең ойында теңдікке көнбейді.— Сенің разрядың бар. Менде ол жоқ. Сондықтан ферзіңдіалып тастайсың, — деген талап қояды. Қарсыластың амалы жоқ көнеді. Өз ферзісін өзі «соттап», бойын соритып ойыннан шығарып жібереді. Ферзісі болмаған соң Тәкең қарсыластың фигураларын қоймай қиратып бара жатады. Мұндайда ол:— Көкеңнің жүрісі қалай екен? Ойнайтын адамыңды кездестіре алмай жүр екенсің. Кіммен ойнап отырғаныңды біліп отырған шығарсың? «Сталинград шайқасын» көзіңе көрсетейін бе? Әлде «Курск доғасын» мойныңа іліп жіберсем бе екен, — деп шиқ-шиқ күлер еді. Қарсылас әлсіреген сайын ол мұның мойнына міне түсер еді.

— Жаманның жүрісін қара. Қарсыласқысы келеді. Ой,шірігім…

Қарсылас ұтылып қалады. Мұндайда Тәкең бауырмал. Қалғанымызға жөн сөйлейді. Қарқ-қарқ күліп, үйіне қуанып қайтады. Үйге келген соң да сөзі жақсы.

— Сүйінші, кемпір, Нұрланнан хат алдым. Екі-үш айда қайтатын шығармын дейді. Келіншек ала келіп, «масқара» қылмас па екен өзі? Кіммен құда болар екенбіз? Баяғыда Қоңқақтың баласы әскерден келіншек ала келіп, келіні атасына:

— Здраствуй, Канках! —деген екен. Менің келінім де сөйтерәлі. Хи-хи-хи…

Әкесінің қасы мен қабағына қарап өскен балалары мәз болып, рахаттанып қарғып-секіріп ойнай бастайды. Жаңыл жеңгеміз де шаруашылық айтады…

Келесі күні тағы ойын. Уәделесіп, бәстесіп келген қуларбұлжолы қапы қалмайды. Тәкеңе қалауын салады. Таңдаған адамыңмен ойна. Кілең екінші разрядшілер: Көпжасар, Мұхит, Мұрат, Қожамұрат және мен — Қоянбай. Бәріміз Тәкеңе қараймыз. «Тәке» деп сызылып біз тұрғанда әдейі шахматта бітіспес «ата жауы» Көпжасарды қалайды. Бұл екеуі — нағашы, жиен. Көрермендер үшін бұл екеуінің ойыны «қызыл қырғын». Қалғанымыз іштей Тәкеңе қарсы ойнаймыз. Ойынды қалт жібермей қадағалап тұрамыз. Біз көрермендерміз ғой. Айтып жіберуге қақымыз жоқ. Құйттай ым жасасақ, Тәкең шахматты шашып жібереді. Амал жоқ үнсіз тұрамыз. Ойыншыдан гөрі аузы «буулы» көрермендердің қиялы ұшқыр. Тәуір жүрісті көзің жепқұрып тұрасың. Мұндайда өлең айтқан боп «кел десең негеаяйын аттың терін» деп әндетеміз. Бұл «атқа тәуір жүріс түсіп түр» деген сөз.

Сол кезде Көбекең «сүфит» деп алақанына бір түкірін алып, атпен бір фигурасын қағып түседі. Әр фигурасын алған сайын«сүфит» деп барып алады. Ал «сүфит» деген сөз Тәкеңе жан алғыштай әсер етеді. «Сүфит» деген сайын мұрнының ұшы терлеп, бетіне қан тебеді. Күйінеді. Бұдан әрі нерві көтермей:

— Атаңа нағлет болмасаң, «сүфитіңді» қой. Адамды басынба. Қатынның ісін істеме. Қатының бар еркексің ғой, — деп ескертеді.

— Құп, Тәке, құп! Енді маған «сүфит» жоқ. Қайран «сүфитім-ай». Бес қаруым едің-ау, көзімнен бұлбұл ұшып кеткенің ғой. Айналайын «сүфитім», ақ «сүфитім», алтын «сүфитім». Қош, есен бол көргенше…

— Осы піл қай елде болушы еді? — деп, мен тарихшы Мұхитқа сұрақ қоямын. Біз әңгімелескен боп тұра береміз. Шахмат фигураларын ресми емес қазақша атаумен атап үйренген Тәкең біздің сөзімізге мән бере қоймайды.

Көбекең пілмен шахты ашқызбай, ферзісін байлап алғандабарып Тәкеңнің түсі бұзылып кетеді.

— Ой, әкеңнің… Құрып қалды-ау!— Тәкең беріледі. Екінші ойынды бастардан бұрын Тәкең қалтаға қол салып шақшасыналады. Көрермендерге жаратпай бір қарап алып, насыбайын атады. Сосын басын шайқап, «өзімнен болды» дейді. Қарсыласы қайбір оң сөйлейтін адам. Көк қырсық. Нервке тиіп сөйлемесе күйіп кететіндей:

— Бар пәле ұтылған адамның өзінен болады ғой, — депшымшиды.

Ойын қайта басталады. Бұл жолы Тәкең бірден қиратыпжіберердей кіріседі. Ферзіні қарғытып шығарып алып олайшауып бір өтеді, былай шауып бір өтеді. Ақырында болдырып, өз орнына барып қайта тұрады. Одан соң екі жақтан екі атты қарғытып шығарады. Пілдерге «жылы жерден» орын береді. Роккировка жасайды. Ойынның орта тұсында жаңылысады да, өз фигурасымен өз фигурасын жеп кеп жібереді. Күлуге болмайды. Күлмеу де қиын. Иығымыз селкілдеп терезеге қараймыз. Қараймызда күлеміз.                                                                                                         — Қошанның водовозын қара!—Ой, күлеміз келіп. Тәкең ала көзімен ата қарайды: — Қошанның водовозын жаңа көрдіңдер ме? Әлде Қошанабыройын ашып келе ме екен? — деп сөгер еді. Біз күлкіге әлі булығып тұрмыз.Бес-алты жүрістен кейін Тәкең тағы жаңылысады. Бұл жолы Көбекеңнің фигурасымен оның тағы бір фигурасын жеп жібереді. Мұндайда Көбекең: — Аса құрметті Тәке! Әкеңе зауал немістен келді. Менің жазығым жоқ. Әркімнің өз жиған-тергені бұйырсын да. Фигураларымды орнына апарып қой, — дер еді.

Біз енді ашық күлеміз. Көзімізден жас аққанша кеңкілдейміз. Бұл жолы олештеңе дей алмайды. Тәкең тағы бір жүріс жасап еді. Қу бала Мұрат бір әннің құлағын бұрады.

— Атандым сол себептен Жаяу Мұса…— «Жаяу Мұса» пешкіғой. Көбекең ойланып-ойланып, пешкісін бір аттатып, қарсыластың пілін тұйыққа тіреді. Сәлден соң ферзісін аттың тұзағына түсірді. Тәкең тағы берілді. Берілді де ренжи бастады.

— Өз фигурамды өзім жеп қоя бергенмін ғой. Болмаса таусылатын түрі жоқ еді. Имансыздар, сендер көріп тұрып оны айтарсыңдар ма? Бұл да бір ұтсыншы, бұның да бір көсегесікөгерсінші демейді ғой, бұлар…

Бізге алара қарап, бет әлпетімізден ілік-шатыс іздейді. Бірақ біз мотанымыз. Көзімізді төмен салып, айыпты адамдай үнсіз тұрамыз.

Үшінші партияны Тәкең әрең бастады. Корольдің алдындағы пешкіні екі аттатып ферзісін қарғытып тақтаның екінші басына әкелді. Көбекең пешкіні бір итеріп, «гәрді» берді. Бұл ферзісін сүйретіп тақтаның мына басына келді. Атпен тағы«гәрді». Келесі жүрісте тағы бір «гәрдінің» сәті түсіп еді. Тәкең шахматты шашып жіберді.— Атаңа нағылет, сен-ақ ойнай ғой. Адамның алдын кес-кестеп жүргізбеген соң ойын бола ма? Біреуге «болсын» демейтін тұқымың жаман ғой.

Тәкең бізден көңілі қалып, үйге қайтып келе жатты. Келе жатқанда да көз алдынан біздің сақылдап күліп тұрған сайқымазақ кескініміз кетпей қойды. Тыжырынып теріс қарады. «Адам емес шетінен…». Нерві құрғыр тағы бір сыр беріп үй сыртынан айқай салды.— Сиырлар «газет оқып тұр» ғой. Бір айыр шөп салсаңдар,құл болып кетесіңдер ме? Ішке кіре: — Аяқ киімдерін төрге шығарып қойғаны несі-аймынаиттердің… Отыз жыл отасқан сыралғы Жәкең балаларына:— Әкең ұтылып келе жатқан ғой, — деп ым қағады. Үйдешыбынның ызыңы естіледі.Ертеңіне Тәкең біздің сәлемімізді ала қоймайды. Қырындап көрмеген боп жүргені. Қарсы келсең бұрылып кете береді.  Екі-үш күн өткенде әлдебіріміз әңгіме бастаймыз:— Осы соғыс жылдарында біздің ауданда кім бірінші хатшыболды?

— Тәкең білетін шығар.

— Тәкең деген онда мәләкосос емес пе? — дейді Қожамұрат.

— Кім-м, кім мәләкосос?!Мәләкосос дейді ғой. Тапқан екенсің мәләкососты!Онда мен атпен молотилка айдаймын. Соғыс бітетін жылы бірінші хатшы Байсалбаев. Одан соң Бөкішев, кейін Төлеуішев. Қарай ғой бұларды, мәләкосос дейді! Соғыс бітетін қыста біздің ауылға Байсалбаевтың өзі келді. Онда біздің мәмішкі сиырда заппермі. Шай-суішіп болған соң мен оның атын әкеп бердім. Сонда Байсалбаев маған қарап-қарап тұрып: — Тірі болса мына бала адам болғалы тұр екен, — дегенібар.

— Әй, бәсе Тәкең білсе керек еді ғой… —Мұрат шахматты әкеп тіге бастайды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button