Мереке

Әрқашан күн сөнбесін!

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі алдында балаларға арналған «Әрқашан күн сөнбесін» атты мерекелік іс-шара өтті.

Оған облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі жанынан құрылған «Аналар кеңесі» мүшелерінің, этномәдени бірлестіктер өкілдерінің және қала тұрғындарының балалары қатысты. Іс-шара барысында мерекелік концерт қойылып, балалар тасжолға сурет салды, спорттық жарыстарға қатысты. Балаларға тәттілер де үлестірілді.

— Іс-шара мақсаты — балаларды рухани-адамгершілікке баулу, кітап оқуға қызығушылығын ояту, өлеңдер оқытып, әртүрлі ойындар ойнату арқылы шығармашылыққа баулу, — дейді «Қоғамдық келісім» КММ мекемесі басшысының орынбасары Гүлзат Шахабаева.

Талғат ТІЛЕУЛЕСОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button