Әдебиет

Бейуақтағы мінәжат

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ

Мейірхан Ақдәулетұлы 1951 жылы Ырғыз ауданындағы Темірастау ауылында дүниеге келген. Алғашқы кітабы «Бастау» деген атпен 1980 жылы жарыққа шықты. Одан беріде «Шырақ-ғұмыр», «Жалғыз досым — жүрегім», «Дәруішнама», «Бейуақтағы мінәжат» атты жыр жинақтарын оқырманға ұсынды. «Ақтөбе кітапханасының» 2019 жылы жарық көрген 24-томына Мейірхан Ақдәулетұлының таңдаулы өлеңдері, поэмалары және аудармалары енді. Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Жұмекен Нәжімеденов атындағы сыйлықтың лауреаты.

Ұзақ жылдар бойы БАҚ саласында қызмет етті, соның ішінде республикалық «Алтын Орда» басылымының, «Адырна» журналының бас редакторы, облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерін біріктірген «Шамшырақ-Ақтөбе ЖШС-ның директоры болды. 2002 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы грантын иеленді.

 

Бейуақтағы мінәжат

Ілінерде күннің қызыл кірпігі

дертім менің меңдеді —

Өмір өзі-ақ өлтіреді бір күні,

өлтіріспе Сен мені!

Мұса,

Ғайса,

Мұхаммедтің көп ішкен,

тауыспаған кермегін

жұтам үнсіз.

Үмітім жоқ Жеңістен.

…көзімнен сүй сен менің!

 

Ернім емес,

ет жүрегім кезеріп

жоқ сусынға шөлдеппін.

Ажал-құрдас ақ мылтығын кезеніп

«Кеттік!» десе — мен кеттім!..

 

— Бізге неге баянсызды аңсаттың,

е-ей, есі бар Құдіре-ет?..

…Босқа налып, болмашыға шаршаппын —

көзімнен сүй бір рет!

 

Түнге сіңіп жоғаламын Мен ертең —

аямайды Сені Көк…

Өзім түгіл, өлердей мас көлеңкем

«Өмір!» деп тұр еңіреп!

 

… Аллаһу да аяп басар кеуденің

үнсіз айтқан зары бұл —

өмір өзі-ақ өлтіреді.

Сен мені

өлтіріспе, Жарығым!

Көзімнен сүй Сені көріп жұбанған…

 

Адам

Мен Сені еш тәңірге теңемедім —

тәу етіп, табынғанда не көремін?

Бірін теңеп біріне…

Сені ғана

өз атыңмен өлшесем деген едім.

 

Қара суды қаймақ дер мендей кісің,

Құдіреттерге қашайды сөзден мүсін.

Қызыл тілім сүйексіз…

Саған ғана

теңеу таппай баз кештім,

Сенбеймісің?

Қысастық бар қыранның шеңгелінен,

Аққу құстың киесін жөн көріп ем,

Екеуінің сыймайсың аясына —

Бар құпия құдірет сенде білем.

 

Мен сенің еш тәңірге теңемедім —

тәу етіп, табынғанда не көремін?

…мәңгілік деп қайтейін,

өле-өлгенше:

«Сен — Адамсың,

… адамсың…» — деп өлемін.

***

Көзіңде тұрмын телміріп,

Кірпігің қақпа, сәл кідір.

Кеудеме сені қондырып,

Меншіктеп алдым, Ән-ғұмыр.

 

Жетелеп жүрген бір үміт

Жетер деп саған сенгенмін.

Теңселіп кеттім,

Үңіліп

Терезесіне кеудеңнің.

 

Көңілімді көзбен оқы да,

Шөліме нөсер себелет!

Қуанып түсер отыңа,

Мен де бір көзсіз көбелек.

 

Жанымды жалаң ұсындым,

Жаралар болсаң, өзің біл.

Жазығым бар ма — түсіндір,

Жалының бар ма — сезіндір!

 

Көзіңде тұрмын телміріп,

Кірпігің қақпа, сәл кідір.

Кеудеме сені қондырып,

Меншіктеп қойдым, Ән-ғұмыр.

 

Жалғасу заңы

Отырар еді анам

оты бар жанды «тектім» деп…

Оталып кетпей,

о, қаншама азап шектім көп!

Ойлармен ойнап,

от басар бала-қиялмен

Оқталатынмын ошаққа кіріп кеткім кеп.

 

Қақаса қаңтар

қара үйдің оты сөнбейтін,

Қараған, жыңғыл қара ошаққа кеп көлбейтін.

Егіліп тұрып,

ертеңгі күнге шөлдейтін

Қара шал маған:

«Ошақтың иесі — сен», — дейтін.

 

От басы жайлы, отыны жайлы кеңес қып,

Көретін жарық,

Келетін күнге емексіп,

ой кешкен шалдың орнына қаппын отырып,

От деген сөзді көп естіп…

 

Қара шал кетті,

Өткіздік сонау күзді аман.

Жарадар жаным жазылып, қайта сыздаған…

Өзіне мені тірі ескерткіш қып қалдырып,

Қара шал маған қара ошақ-мұра сыйлаған.

 

Қара шал құсап…

Кез келер бір күн аттанар —

Қара ошақ қалар,

қаңтармен ойнап от қалар.

…Жөргекте жатқан жүректей менің үмітім

О кезде мендей боп қалар?

 

Гүл — жусан

Гүлді аяймын — өмірі өзін алдап, текке өткен —

…Шыншыл өскін көрмедім,

Жусан,
Шеңгел,
Көкпектен!
Үзік-үзік

күлкің мен көлгірсуің, тепкіңнің

бәрін…Өмір,

Мәжнүнге лайық бақыт деп білдім.

Айыптымын алдыңда,

арнамадым гүлге өлең —

Гүлдің солып,

Бояудың оңатынын білген ем,

Мен жусанға інімін. Шеңгел болып кектенем —

Көкпек жаққан көне үйдің

көжесімен көктегем.

…Орманы кем,

Дүрдараз — тобылғысы, жыңғылы,

сортаңы мол,

суы ащы, кең Даланың Мұңды ұлы

Тарта туса тегіне — түкірмейді жалғанға,

Жанға қонса жалғыз шаң, айналады арланға!

 

Ділі — жусан,

қиялы — қыпшақы ердің Тарланы,

Жылқы мүсін болмысы. Сордан кермек арманы,

Мұңы — Қобыз,

төзімі болдыртардай түйені,

Домбырасы — дұғасы,

Сөзі — серті киелі.

Қыран түгіл,

Қарғасы қара ойды ұғар қиядан

Осы Дала — Отаным. Ұқсамауға — ұялам.

Бақыт, байлық,

ас пен той,

шексіз шаттық, мұң-нала.

Дана,

даукес,

батыр ез… —

Бәрін көрген бұл Дала,

Танып кетпей

тірліктің бағзы әуені — Күйбеңнен,

Өзгені де,

өзін де алдамауға үйренген.

Жусанымын мен соның.

«Гүл ғұмыры баянсыз!» —

Күліп тұрып айтатын ақ сырым да — аяусыз,

Осы — менмін, ей, Өмір,

сертім — жалқы, мінім — мың.

Аяп айтам атын да

есебі жоқ гүліңнің!

 

Кеш. Жалғыздық

 

Ақырзаман орнайды енді —

Күн өлді

Қып-қызыл боп ұяттан.

Өкінердей ештеңе жоқ.

Біреуді

өп-өтірік жұбатпан…

«Есі ауысқан дүниеден жалықтым —

емексірдей не бар, ал?…

елесіндей Жұмақ пенен Тамұқтың

Көргенің мен Көкейкестің кереғар!

Өмір деген осы болса…

шыдармын,

өшпейтін де өнбейтін…

Мен Тәңірдің зо-ор қатесі шығармын

өзі ғана жөндейтін?…

 

Елге еліктеп

қуанғансып жүремін,

жылағансып мен несін? —

Құл құлықсыз көтереді білегін,

Патша — қуыс кеудесін…

 

Досым да жоқ,

дұшпаным да жоқ менің —

бәрін үнсіз кешіргем.

Өліп едім — өмір өтіп кетпеді —

шықпай қойды есімнен!»

…Ақырзаманболмайқалды. Тірімін.

Ойым —жынды, айкезбе.

Ғасырөтті… үзілердейжұлыным—

…жолығамызқайкезде?..

 

Күз. Тоба

 

Ақтыжұлдызтастөбемнен «ағалап»,

Арашағатүспедім.

Салдақытүнсақ-сақкүлдітабалап,

бармағымдытістедім.

—Жазөт-ті! —депжасылбояу

жылайды—

мен қайтейін,сарғаяр.

Қарғағансыпқараңғыны — Құдайды—

қалтырағаншам да —аяр.

«Туғанекем—өлерімдібілеммен,

таңдықарғапкүнбатар….

Сынықсәулекүтіпқайтембіреуден,

қайжанардықұрғатам?».

— Ж-жа-алға-ансың-ң! — деп,Мәңгіліктіңжағасын

жұлқылап ем,қыңбады.

Жесір-өмір жұбатады баласын

жырым-жырым құндағы…

 

Мың ғасырлық Мәңгі ойынның мәні —

осы.

Бояуы,тек көнерген.

Ме-ен?
…сәбимін

сенімі мен дәмесі

өзінен Зор,

өлермен…

 

іштей айтылған өлең

 

«Мені өзіндей ұғады» деп сенген қыз,

Жаралыппыз Жалғыздықтан — Жерден біз,

Бұл ғұмырға

Бірімізді біріміз

көріп кету үшін ғана келгенбіз.

 

Өтті көктем.

Өтпестей боп жазда жүр —

Жаумаймын деп алдайды бұлт қазбауыр…

Екеуімізге — жалғыз ғұмыр.

Көп пе бұл?

Қол ұстасқан қос Жалғыздық,

Аз ба бұл?

 

Өтпек бәрі

Сен де… өтерсің

Өтем мен.

Күллі әлемнің бұл шындыққа еті өлген.

Кешеріміз — кешірімі жоқ өткел…

Сыбағамыз — тұз аралас шекерден.

 

Қарап тұрсам:

Қажамақшы қандай мұң —

Көресім бар көлеміндей маңдайдың! …

Көріксіздеу ойды сенен жасырып,

Күлліәлемдік ертегімен алдаймын.

 

Туабітті талайыма таңылған,

Сол бір ұлы ертегіден жаңылман.

«Өкінішсіз ғұмырғой бұл»… деп тұрып,

Қайысады шор боп біткен қабырғам.

 

Кеудемдегі бозторғайдың үнімен

Күнде ішімнен күбірлеймін мұны мен:

«Екеуара бір жалғыздық,

Қос ғұмыр —

Басы бүтін бақыт шығар шынымен?..».

 

Өле сүйіп, өміріме енген қыз!

Жүзім — көктем,

сөзім — шәрбат,

кеудем — күз…

Бұл ғұмырға

Бірімізді-біріміз

жалғыздықтан құтқаруға келгенбіз.

 

Құлпытастағы жазу

«Келте ғұмыр — жалғыз аты жарлының,

Сол жалғыз ат жаны бардың барлығын

Уақыт дейтін қылкөпірден амалдап

алып өтсе… деумен ғана алаңдап,

күн кешеміз — өлтіреміз уақытты,

(біреу тіпті соған бола бақытты!)

Жалғыз Күрең…

алмасақ та ақсатып,

жан сыздайды,

ойламаймыз басқа түк.

…………………………………

Осылайша тышқаншылап күн көрдік,

Жалғыз-жалғыз жау іздедік,

Бірге өлдік».

 ***

«Арғымақ боп желгісі бар есектің,

Ақиқат боп өлгісі бар өсектің.

Адамдықтан дәмесі зор маймылдың —

Асты тола үмітті әлем Ай, Күннің…»

 

Күзді ұялтар болмысымен мамырдың,

Күлмекші едім — амал таппай аңырдым:

Болу менен болғансудың арасы

Тым жақындап кеткендігін қарашы:

 

Адамсымақ,

Шындықсымақ,

Мұңсымақ,

Адалдықтан нан сұрап жеп қыңсылап…

 

Надандықты нар қып мініп, малданып,

Шыға келді шала арыстан жалданып!

Тарғы лмысық жолбарыстың дауысын

Жаттапалса, жылайды екен намысың…

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button