Сайлау

«Лайықты кандидатқа өз дауысымды бердім»

Тұрғындар қалашығы ауданының тұрғындары Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің ғимаратында орналасқан №35 сайлау учаскесінде белсенді дауыс беруде.

Сайлау учаскесінің төрағасы Қанат Бердіғалиевтің айтуынша, мұнда 2367 адам тіркелген. Сайлаудың әділ өтуін 12 байқаушы қадағалап отыр. Сайлауға алғаш рет дауыс берген жастар мен қарттарға құрмет көрсетіліп жатыр. Сайлау учаскесіне бірінші болып келген қала тұрғындары да таңдауын жасап, кішігірім сыйлыққа ие болды.
— Бұл күннің ел болашағы үшін маңызы зор. Дауыс беруді азаматтық борышым деп білемін. Еліміздің, балаларымның болашағы үшін лайықты кандидатқа өз дауысымды бердім, — деді 72 жастағы қала тұрғыны Айсұлу Құрақова.
Философия ғылымдарының кандидаты, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің аға оқытушысы Дмитрий Мацюк те өз таңдауын жасады.

— Халық игілігі үшін адал қызмет ететін патриоттарды айналасына біріктіре алатын лайықты кандидатқа өз дауысымды бердім. Жерлестерімді сайлауға белсенді қатысуға шақырамын, — деді ол.

Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button