2023 жылғы 5 қарашада өткен Ақтөбе облысы Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандары әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама
2023 жылғы 5 қарашада Ақтөбе облысы Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандары әкімдерінің сайлауы өтті.
Сайлаушылар тізіміне 28357 азамат енгізілді. Дауыс беруге 20 673 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша — 10, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 429 қатысты.
Кандидаттардың жалпы саны — 9.
Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандары әкімдерінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:
Қобда ауданы бойынша
Бағдат Ақмалайұлы Амантаев үшін сайлаушылардың 1599 дауысы берілді.
Бауыржан Әлменұлы Мусаев үшін сайлаушылардың 891 дауысы берілді.
Ізгілік Досмұратұлы Тынымгереев үшін сайлаушылардың 4672 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 38.
Ойыл ауданы бойынша
Арсланбек Алдиярұлы Алдияр үшін сайлаушылардың 943 дауысы берілді.
Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаев үшін сайлаушылардың 3742 дауысы берілді.
Айбек Өтегенұлы Сұлтанов үшін сайлаушылардың 2154 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 140.
Ырғыз ауданы бойынша
Нүркен Нұртайұлы Жұбаназаров үшін сайлаушылардың 1091 дауысы берілді.
Нұрлан Қасымханұлы Қызбергенов үшін сайлаушылардың 3819 дауысы берілді.
Альбек Скендерович Таубатыров үшін сайлаушылардың 1397 дауысы берілді.
«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны — 62.
Сайлау қорытындыларымен Қобда, Ойыл, Ырғыз аудандарының әкімдері болып:
Қобда ауданы бойынша Ізгілік Досмұратұлы Тынымгереев сайланды,1978 жылы туған, Қобда ауданы әкімінің орынбасары, Ақтөбе облысы Қобда ауданының Қобда ауылында тұрады;
Ойыл ауданы бойынша Асқар Қайырғалиұлы Қазыбаев сайланды, 1962 жылы туған, Ойыл ауданының әкімі, Ақтөбе облысы Ойыл ауданының Ойыл ауылында тұрады;
Ырғыз ауданы бойынша Нұрлан Қасымханұлы Қызбергенов сайланды, 1968 жылы туған, Ырғыз ауданының әкімі, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Ырғыз ауылында тұрады.
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы.