Сайлау

Жамал әженің тілегі

Ырғыз ауданының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері, 86 жастағы әже Жамал Шамиева өз сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.
Жамал әжей ауданда 35 жыл кітапханашы болып, зейнетке шыққан. Бүгінде немере-шөберелердің қызығына тоймай отырған ақ жаулықты әже биылғы сайлауда өз таңдауын жасады.

— Еліміздің болашағын ойлап, дауыс бермей отыра алмадым. Бұл саяси науқанға елге белгілі азаматтар түсіп жатыр екен. Енді сол үміткерлер еліміздің дамуына, өркендеп-өсуіне қызмет етсін! Еліміз тыныш болсын! Президентіміз аман болсын! — дейді әжей.
Жамал әже дауыс берген 217сайлау учаскесінде 802 сайлаушы бар. Ал жалпы аудан бойынша 8 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.

Д.АЙДАР,
Ырғыз ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button