Білім

Мектепті үздік аяқтады

Соңғы қоңырау мерекесін қаладағы №39 мектеп те ерекше ұйымдастырды. Білім ордасының алаңында салтанатты жиын өтті.

Мерекелік шарада мектеп директоры Дина Ахметова түлектерді құттықтап, алдағы Ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтулеріне тілектестігін білдірді.

Жалпы, биыл білім ордасын 55 түлек тәмамдады. Оның ішінде 50 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге рұқсат алса,  бір оқушы «Алтын белгіге», төртеуі «Үздік куәлікке» үміткер. Биылғы оқу жылында мектеп оқушылары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Облыс және республика көлемінде ұйымдастырылған  жарыстардан жеңіспен оралды. Мәселен, биылғы түлектердің ішінде Әсел Андақұлова мен Гүлнұр Айладүрова Венгрияда өткен халықаралық рейтингілік олимпиадада І орынды иеленіп, ҰБТ-дан босатылды. Ал 9-сынып оқушылары Ләззат Қабдилдина мен Мейрамгүл Насырова «Ақыл-ой Одиссеясы» халықаралық бағдарламасының ХVІ республикалық фестивалінде І орынды жеңіп алды. Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонында — 5, республикалық «Бритинс Булдог» интеллектуалдық ойынында  16 оқушы  үздіктер қатарынан көрінді. Сондай-ақ балалардың жеңіс тұғырынан көрінуіне Гүлбаршын Қалменова, Күланда Қалауова, Айымгүл Ешмағанбетова, Кенжегүл Қаратаева секілді ұстаздардың үлесі зор.

К. ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button