Білім

Жас мамандар мерейі

Ақтөбе қаласындағы Д.Қонаев атындағы мектепте «Үздік жас маман — 2022» байқау-марафонының қорытындысы өтті. Жарыста 40 жас бақ сынап, нәтижесінде 17 педагог жүлделі орындарға ие болды.

Мектебімізде аталған жарысты өткізу дәстүрге айналды. Мақсат — жас мамандардың белсенділігі мен жұмысын ынталандыру және шығармашылық бастамаларын қолдау.

Сайысқа  еңбек өтілі 5 жылға дейінгі жас мамандар қатысты.

«Жүйрікте де жүйрік бар, қазанат жөні бір бөлек» демекші, жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан мамандар өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі  шығармашылық жетістіктері, жаңартылған білім беру технологияларын дамытуы, жаңа мазмұн, тың  идеяларға толы таныстырылымдарын  ортаға сала отырып, бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын сында өздерінің ұшқыр ой, терең білімін жұртшылыққа көрсете білді.

Бұл додада педагогтердің кәсіби шеберлігі, ой сонылығы, сахна мәдениеті, сөз саптауы, әртістік қабілеті де назардан тыс қалған жоқ.

Байқауға қатысушы жас ұстаздар оқыту мен тәрбиелеудегі түрлі әдіс-тәсілді қолдана отырып, меже сызығында өзіндік дара жолдарын көрсетті.

Марафон 8 іс-шара бойынша қорытындыланды.

Біріншісі — «Үздік сабақ» конкурсы. Шарты — жас мамандарға кәсіптік шеберлігін, ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін, белсенді оқу әдіс-тәсілдерін көрсету арқылы педагогтердің бүгінгі білім беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру. Жас мамандар марафонында жинақталған іс-тәжірибені өз сабақтарына кіріктіру және оны қорғау, оны мектептің YouТube каналына толық видео және мектептің Instagram парақшасына 2 минуттық видео етіп орналастыру.

Екіншісі — «Оқуға құштар мектеп — оқуға құштар ұлт» жобасы аясында 5 әдеби шығарманы оқу, көркем шығармаларды талдау.

Үшіншісі — «ECO LIFE» атты мәдени өсімдіктер өсіруге бағытталған байқау.

Шарты — марафонға қатысушы әр жас маман шырайгүл өсімдігін отырғызу және оны күтіп-баптау күнделігін видео түрінде жүргізеді. Түсірілген видеоларын жинақтап, 2 минуттық видео түрінде монтаждап, мектептің Instagram парақшасына орналастырды.

Төртіншісі — «Эссе — шығармашылық ойдың жемісі» атты шығармашылық байқау.

Бесіншісі — «Жарқын елдің болашағы — жас маман» тақырыбында жас мамандардың бұқаралық ақпарат құралдарына мақала жариялау байқауы.

Алтыншысы — «Еңбек — қоғамындағы жас маман тұлғасы» атты таза сенбілік шарасы.

Жетіншісі — «Мен лагерь тәрбиешісімін» байқауы.  Марафон ережесіне сәйкес лагерь жұмысын өте жақсы жүргізген, оқушылармен түрлендіріп жұмыстарды жүргізе білген жас мамандардың жұмысы бағаланады.

Сегізіншісі — «Үздік жас маман — 2022» марафонының қорытынды кезеңі. Нәтижесінде қазылардың шешімімен «Үздік жас маман-2022» конкурс-марафонында жүлделі орындарға ие болған 17 мұғалім анықталды.

Мектебімізде жылды қорытындылауға арналған мерекелік кеште «Үздік жас маман-2022» конкурс-марафонында жүлделі орындарға ие болған 17 мұғалімге төменде кестеде көрсетілген мөлшерде сыйақы беруге шешім қабылданды.

Мұғалімнің аты-жөні Марапат түрі Ақшалай жүлде
1 Шамшадин Төребек Мұратұлы Бас жүлде 300 000
2 Шамшадин Елана Алтынбекқызы I орын 250 000
3 Күлімбет Фариза Нұрланқызы II орын 200 000
4 Пашанбай Ержан Сахиұлы II орын 200 000
5 Орынбасарова Гүлдана Ермекқызы II орын 200 000
6 Қуанышбек Ақерке Қуанышбекқызы III орын 150 000
7 Ешмұқанова Ақмарал Қазыбайқызы III орын 150 000
8 Серікбаев Еламан Аманұлы III орын 150 000
9 Елемес Әзима Иманшәпиқызы номинация 100 000
10 Асқатова Самал Қайратқызы номинация 100 000
11 Айдарханов Нұрсұлтан Темірханұлы номинация 100 000
12 Бүркіталы Азамат Маратұлы номинация 100 000
13 Мендибаева Аққужібек Меңдібайқызы номинация 100 000
14 Тыныштық Мирас Ермекұлы номинация 100 000
15 Мұқаш Баймен Айбекұлы номинация 100 000
16 Испулова Айзада Советқызы номинация 100 000
17 Хабиева Аяжан Талғатқызы номинация 100 000

Жеңімпаздарды жүлделі жетістіктерімен құттықтай отырып, шығар шыңы биік, алар асулары асқақ болсын дейміз!

Осындай ауқымды шараныны өткізуге ұйытқы болып, жас мамандарды ынталандыру үшін қомақты сыйақыларды бөлуге ықпал еткен мектеп басшысы Абзал Амантайұлына мектеп ұжымы дән риза.

Мейрамкүл РОМАНОВА,

Д.Қонаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Ақтөбе қаласы.  

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button