Білім

Инновациялық тәсілдердің тиімділігі

«Сынып сағаттарын өткізудің инновациялық тәсілдері». Ақтөбе қаласындағы №74 мектептеосындай тақырыпта сынып жетекшілеріне арналған облыстық семинар өтті.

Шараға облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының және қалалық білім бөлімінің  әдіскерлері, өңірдегі барлық ауданның және Ақтөбе қаласы Алматы ауданына қарасты мектептердің мұғалімдері қатысты.

Мақсат — сынып сағаттарын өткізуде инновациялық тәсілдерді жүзеге асыру арқылы сынып жетекшілеріне әдістемелік бағыт-бағдар беру, кәсіби шеберліктерін дамыту, сынып жетекшілерінің іс-тәжірибесімен бөлісу.

Семинарда алдымен сөз алған №74 мектептің директоры А.Башанов шара жұмысына сәттілік тіледі. Жиын барысында «Тәуелсіздік тұғыры» тақырыбында театрландырылған қойылым көрсетіліп, ашық сынып сағаттары өткізілді.

Шараға қатысушылар №74 мектептің Әкелер мектебі, Аналар мектебі, «Сырғалым» қыз балалар клубы және «Айбын» ер балалар клубының жұмысымен танысты.

Іңкәр АЛТАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button