Спорт

Ақтөбелік Сергей Морозов әлемнің ең үздік лигасында үшінші жеңісіне қол жеткізді

Аралас жекпе-жек шебері Сергей Морозов Лас-Вегаста өткен Әлемнің ең үздік лигасы UFC Fight Night турнирінде америкалық Джурни Ньюсонмен жекпе-жек өткізіп, үшінші жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, Сергей кезекті рет Қазақ елінің абыройын асқақтатып, Әнұранын шарықтатып, көк Туын биікке желбіретті.

Бұл – оның кәсіпқой мансабындағы 19-шы және UFC-дегі бес кездесуден кейінгі үшінші жеңісі.

Барша әлем көз тіккен турнирдегі жерлесіміздің  бұл жетістігі — құтты мекен Ақтөбеге ғана емес, барша қазақстандықтарға ортақ.
Байрақты бәсекеде топ жарған жерлесімізді шын жүректен құттықтаймыз!

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button