Әдебиет

Әдеби бенефис өтті

Ақтөбе қаласының білім бөлімі, Қалалық әдістемелік мекемесі, №28 орта мектебімен бірлесіп, «Оқитын мектеп — оқитын ұлт» жобасы аясында Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Ұлы дала Мұхтар Әуезов тілінде сөйлейді» атты әдеби бенефис өткізді.

Әдеби бенефисті №28 орта мектептің директоры Айгүл Баймағамбетова мен Қалалық әдістемелік мекемесінің директоры Ақманар Сүлейменова ашты. Өткізіліп жатқан шараның мақсаты — Мұхтар Омарханұлының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау.

Оған қаламыздың 19 мектебінен оқушылар қатысып, бақтарын сынады. Абай шығармаларынан ән айтылып, күй тартылды. Әсіресе жазушының өмірі жайлы қойылған қойылымдар көпшіліктің көңілінен шықты. Қазылар алқасының шешімімен үздік деп танылған оқушыларға Алғыс хаттар табысталды.

Шараның жақсы өтуіне ерекше үлестерін қосқан қалалық білім бөлімінің әдіскері Раушан Темірхановаға, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі Анжелика Тарасоваға, мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Гүлсара Жүсіпова мен Сәуле Әліповаға басшылық тарапынан алғыс айтылды.

 Гүлсара ЖҮСІПОВА

№28 орта мектептің орыс тілі пәнінің мұғалімі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button