Білім

Білім мен біліктілік

Облыстық мамандандырылған физика-математика лицей-интернаты — оқушылардың бойындағы қабілетін одан әрі ұштап, жетілдіре түсетін, болашаққа сеніммен аттауына жол ашатын білім ордасы.

Мұнда өз мамандығына үлкен жауапкершілікпен қарайтын ұстаздар тобы еңбек етеді.

Ел келешегі мектептен бастау алады. Білім көшін алға жылжытқан әр ұстаз өзінің еңбегінің жемісін көргісі келеді. Ұстаз ешқашан бүгінгі күнмен ғана өмір сүрмейді, оның еңбегінің, маңдай терінің шынайы нәтижесі шәкірттерінің азамат болып, өмірге араласқан кезінде айқындалмақ. Лицей-интернаттың ұстаздары да мұны жақсы түсінеді.

Ұжымның осы уақытқа дейін бағындырған белестері мен жеткен жетістіктері көп. Ұжымдағы шығармашылық, зерттеушілік бағытында жүргізілген жұмыстар ұстаздар қауымының тәжірибесін кең таратуға мүмкіндік беріп отыр.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның біздің облыс бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп, «Акмеологиялық орта — педагогтердің интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін дамытудың негізі» тақырыбында лицей-интернаттың тәжірибелік-эксперименттік алаңы жұмыс жасады.

Мұғалімдердің педагогикалық және кәсіби шеберлігін, сабақ беру әдістемесін үздіксіз жетілдіру арқылы, оқытудағы әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану нәтижесінде жеке тұлғаның функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бағытында жүргізілген жұмыстар білім сапасының көтерілуіне оң ықпал етті.

Дөңгелек үстел, семинар-практикум, облыстық семинар, т.б. іс-шаралар ұйымдастырылып, жүргізілген жұмыстардың нәтижесі шығарылып, қорытынды жасалды. Лицей-интернат мұғалімдерінің оқушыларды зерттеушілікке үйрету, ізденімпаздық қабілетін дамыту және функционалдық сауаттылықты арттыру жолындағы жұмыстары облыс көлемінде озық тәжірибе ретінде таратылды.

Облыстық физика-математикалық лицей-интернаты ауыл мектептерін қолдау мақсатында Ойыл ауданының Ш.Берсиев атындағы орта мектебімен байланыс орнатып, әдістемелік қолдау беруге ерекше ден қойылып отыр. Ауыл мектептеріндегі пән мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған «Ашық есік күні» жобасын одан әрі тереңдетіп, жалғастыра берген жөн деп санаймыз.

Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен, лицей-интернаттың ұжымы «Математика, физика пәні мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізді. Осының аясында математика, физика пәндерінен сабақтар, «Диофант теңдеулерін шешу әдістері», «Оқушылардың зерттеушілік құзыреттіліктерін дамытудың оңтайлы тәсілдері» тақырыбында шеберлік сағаттары өтті.

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығымен бірлесіп, лицей-интернатта «Ынтымақтасқан орта — білім  берудің негізі» тақырыбында облыстық іс-шара ұйымдастырылып, оның практикалық бөлімінде физика, математика, орыс тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінен үлгілі сабақтар берілді. «Педагогикалық  әдіс-тәсілдер — білім сапасын арттырудың  басты құралы» тақырыбында коучинг жүргізілді.

Үздіксіз ізденіп, өз білімдерін үнемі жетілдіріп отырған ұстаздарымыздың мерейі, ең алдымен, сапалы білім және жақсы тәрбие алған шәкірттері арқылы үстем болмақ.

Райса АЯУОВА,

облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының әдістемелік жетекшісі.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button