Пікір

Алғашқы жарлық ауылға арналды

Жарылғасын Шамбалаев,

Шалқар аудандық «Amanat»

партиясының атқарушы хатшысы:

Қараша айының 26-сы күні ел өміріндегі тарихи оқиғаның куәсі болдым. Сол күні Астана қаласында өткен  Қазақстан Республикасы Президентінің ұлықтау рәсіміне арнайы қатысып келдім.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ұлықтау рәсімінде сөйлеген сөзінде ауылды өркендету ісіне аса көңіл бөлетінін айтты.

Бұл сөздер ауыл тұрғындарын қатты қуантты. Соңғы жылдары «Ауыл— ел бесігі» бағдарламасымен көп шаруа тындырылды. Шалғай ауылдарға да газ, жол, ауызсу тартылып,  әлеуметтік нысандары жаңарды.  Дегенмен шешімін күткен жұмыстар әлі де баршылық. Ұлықтау рәсімінде Президент тапсырған жобалар ауылды одан әрі көркейтеді. Ауылдағы әрбір құрылысқа, тұрғындардың әлеуметтік жағдайына Президенттің өзі бас-көз болып отырады.

Президенттің алғашқы Жарлығы ауылға арналды. Өзі айтқандай, Жаңа Қазақстанның іргетасы ауыл нығаяды.

Президент халықтың тілегі мен ықыласын басты назарға ала отырып, ұтымды реформалар тың идеяларымен қуатты, әділетті мемлекетті құруға жетелейтініне сенімдімін. Әділетті Қазақстанды құру жолында әрбір қазақстандық өз үлесін қосып, мемлекет басшысының саяси бағдарына қолдау көрсетуі қажет.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button