Ауыл

Бүлдіршіндер өнер көрсетті

Балабақша

Саржансай ауылындағы «Балбөбек» бөбекжай бақшасында «Алтын күз» атты шара өтті. Балабақша бүлдіршіндері  күз туралы тақпақтар айтып, бірнеше ән шырқады.  «Ақбота» тобы «Шегіртке мен құмырсқа» атты мюзикл қойды. «Гүлдер» тобының кішкентай  тәрбиеленушілері жеміс-жидектердің киімін киіп, би биледі.  Балабақшадағы күз туралы концерттік бағдарламаны ата-аналар да тамашалап,  ұл-қыздарының өнеріне риза болды. Мереке соңында «Алтын күз» шарасына қатысқан барлық балалар Алғыс хатпен марапатталды.

Тұрсын НҰРМҰХАММЕДОВА,

Саржансай ауылы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button