Пікір

Әділетті Қазақстанды таңдадық

Зұлқожа ҚОЖАЕВ,
«Алихан ойл-3» ЖШС құрылыс компаниясының басшысы.

Жексенбіде Президенттік сайлау өтті. Еліміздің ішкі және сыртқы саясатын бірге алып жүретін тұлғаны таңдау халықтың еншісінде болды. Ел өз таңдауын жасады. Орталық сайлау комиссиясының есебі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев басым дауыспен жеңіске жетті. Халық қалауының нәтижесін көріп, қуанып отырмыз. Халқымыз жаңа Қазақстанды, әділетті Қазақстанды таңдады. Қазақ елі өзінің ауызбіршілігінің арқасында көшбасшысын айқындап алды. Енді Президентіміздің алдағы жеті жыл ішінде сайлауалды уәделерді жүзеге асыру міндеті тұр. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді қазақ. Біз әрдайым Президентпен бірге екенімізді білдіріп, сөзбен емес, іспен дәлелдеуіміз керек.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button