Пікір

Жарқын болашақ жолында

Есбол МӘУЕНИЯЗОВ,
Темір аудандық қоғамдық кеңес мүшесі.

Әне-міне дегенше Президент сайлауы да өте шықты. Көптен күткен саяси оқиға өз деңгейінде, талапқа сай өтті.
Әр қазақстандық сайлауға барып, дауыс беру арқылы өз таңдауын жасады деп ойлаймын. Өйткені бұл — әрқайсысымыздың азаматтық парызымыз. Көпшілік сияқты маңызды әрі мәртебелі шарадан қалыс қалмай, өз дауысымды бердім. Бұл өзіміздің, балаларымыздың, еліміздің болашағы үшін қажет.
Менің ойымша, Президенттік сайлау науқаны елдің болашағына қатысты нақты көзқарасы мен жоспары бар күшті көшбасшыны әділетті таңдаумен аяқталды. Қазақстандықтар өздерінің басымдықтарын айқындап, алдағы 7 жылда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге болуға дайын екендіктерін нақты белгіледі. Солардың арасында өзім де бармын.
Биылғы сайлауда дауыс беру парағында «Барлығына қарсы» бағанының пайда болуы көп нәрсені аңғартса керек. Меніңше, бұл — кез келген азаматтың демократиялық жолмен пікірдің баламалылығына конституциялық құқығын білдіруге және оны дауыс беру арқылы еркін білдіруге мүмкіндік беретін негізгі тетіктердің бірі.
Енді барша халық боп сайлауалды бағдарламаның іске асырылғанын күтеміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button