Пікір

Ел ертеңі үшін дауыс бер!

Қайырбек ТАХАНОВ,

«Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының президенті

Тәуелсіз мемлекетіміздің бүгіні мен ертеңі үшін аса маңызды тарихи сәтке куә болғалы тұрмыз. Себебі жаңа кезеңге қадам басқан Қазақстан саяси-экономикалық өзгерістердің алдында тұр. Басты қадамдардың бірі — кезектен тыс Президент сайлауы. Бұл сайлаудың еліміздегі саяси жүйені қайта жаңғыртудың тетігі ретінде маңызы зор.

Елімізде жүргізіліп жатқан барлық реформаны толықтай қолдаймын. Себебі бұл реформалар мемлекетімізге оң өзгерістер әкелетініне сенімдімін.

Қазіргі күні Президенттікке үміткер әр кандидат жер-жерде үгіт-насихат жүргізіп, сайлауалды бағдарламаларын ұсынып жатыр.Үміткерлердің бағдарламасын өздігімізше зерттеп, саралай білуіміз керек. Сайлауға қатысу арқылы еліміздің жарқын болашағын таңдайтынымызды естен шығармаған жөн.

Сайлауға қатысу — азаматтық борышымыз!Менің таңдауым, сенің таңдауың елімнің ертеңі үшін маңызды.Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықаралық мәртебесін көтеру жолында бірге болуға тиістіміз. Елді біріктіретін саяси шараға бір кісідей қатысайық. Көзі ашық халық өз таңдауын нық жасайды.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button