Пікір

Ел таңдауы көпшілікпен айқындалады

Бабатай САЛИМАНОВ,

Темір аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Санаулы күндерден соң елімізде үлкен саяси шара — ҚР Президентінің сайлауы өтеді. Бұл өте маңызды, ауқымды оқиға екенін ұмытпау керек.

Әр қазақстандық сайлауға барып, дауыс беру арқылы өз таңдауымызды жасайтынымызды, бұның азаматтық парыз екенін біледі деп ойлаймын. Сондықтан барша жұртшылықты маңызды саяси шарадан қалыс қалмауға шақырамын. Бұл өзіміздің, балаларымыздың, еліміздің болашағы үшін қажет екенін естен шығармайық.

Мен сайлаудың әділ өтетініне, халықтың көп дауысына қарай лайықты кандидаттың жеңіске жететініне сенімдімін. Ең бастысы, соған өз үнімізді қосайық, «менсіз де шешіледі» деген ойдан аулақ болайық.

Бұйырса, өзім де 20 қараша күні аудандағы сайлау учаскесіне барып, өз таңдауымды жасағалы отырмын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button