Пікір

Өз таңдауыңды жаса!

Құралай РАЙЫМБАЕВА,

облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапхана директоры.  

20 қарашада өтетін сайлау жақындаған сайын президенттікке үміткер азаматтар өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, халықпен кездесулер өткізуде.

Әр адам елдің болашағы үшін өзін жауапты сезіну керек. Бұл сайлауда елдің азаматы ретінде өз таңдауымды жасаймын. Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық, саяси тұрақтылықты ұстап қалатын және еліміздің халықаралық аренадағы беделін биік ұстай білетін үміткер жеңіске жетері анық.

Кітапхана саласында отыз жылға жуық қызмет етемін. Тәуелсіздік алған жылдардан бері кітапханашылардың жалақысы өте төмен болды. Олар жалақысының төмендігіне қарамастан өз ісін басқаға айырбастаған жоқ. Шыдады. Руханиятқа көңіл бөлетін кезеңді күтті. Үміт алдамады. Қазір кітапханаға  ерекше көңіл бөліп, 2022-2025 жылдар аралығында әр жылы 20 пайызға көтеру туралы нақты ұсыныс жасалды. Біз осы ұсыныстың алғашқы жемісін көріп жатырмыз.  Жастардың да кітапханашылық жұмысқа қызығушылығы арта бастады. Бұл —жақсылықтың белгісі. Әріптестеріміз елдегі болып жатқан маңызды оқиғаларға бейжай қарамайтын, парасатты маман иелері. Біздің кітапхана ұжымы алда болатын сайлауда ел тізгінін қолға алатын Президентті бірге таңдауға дайын.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button