Пікір

Болашаққа жасалатын нақты қадам

Алда болатын сайлау елімізге, біздің қоғамға жаңа серпіліс береді деп ойлаймын. Сайлау өткен сайын жаңа идеялар жүзеге асырылып, ел экономикасын жақсартуға бағытталған межелі істер орындалады.

Халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында нақты бағыт-бағдарлар айқындалады. Осы тұста жастарға да жан-жақты қолдау көрсетіліп, кәсіпкерлікті бастауға мүмкіндіктер беріліп жатыр. Жастарға көрсетілетін қолдаудың арқасында жас кәсіпкерлердің саны артты. Осының барлығы елімізде жүргізіліп жатқан оңтайлы реформалардың нәтижесі деп білемін.

Сондықтан еліміздің болашағына бейжай қарамайтын әрбір отандасымызды 20 қарашада өтетін Президент сайлауына қатысып, дауыс беруге шақырамын. Еліміздің жай-күйіне алаңдайтын әрбір азамат бұл сайлаудан қалыс қалмайды деп сенемін. Бұл ел үшін маңызды қадам.

Өркен АЛТЫНБЕКҰЛЫ,

Ақтөбе Жайдарман филиалының директоры.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button