Екі айлықтың қорытындысы: Ақтөбе ажарлана түсті
Халқымызда «Ауылына қарап, азаматын таны» деген жақсы сөз бар. Осы сөзге сүйенген облыс әкімі Ералы Тоғжанов қыркүйек айында қала басшылығына жалпықалалық сенбіліктің екі айлығын өткізуді тапсырды. Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров тапсырмаға сай қалада санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша күзгі екі айлықты өткізу жөнінде Қаулы қабылдап, іс-шаралар жоспарын бекітті.
Содан бері апта сайын таза бейсенбі мен сенбілікке шыққандар Ақтөбе қаласы мен жақын маңдағы елді мекендер аумағын қоқыстардан арылтып, көшеттер егумен айналысты.
10 қыркүйектен 10 қарашаға дейінгі аралықта, екі ай бойы өткен сенбілік Ақтөбе ажарына көрік бере алды ма? Қаламыз қанша қоқыстан арылды? Қанша көшет егілді? Айыппұл арқалағандар бар ма? Осы секілді сұрақтарды біз «Ақтөбе Медиа» ЖШС-ның ұйымдастыруыменжүргізілген рейд барысында құзырлы мекеме өкілдеріне қойып, санитарлық тазалаудың екі айлығын қорытындылап көрген едік…
245 тонна қоқыс шығарылды
Астана ауданының жалпы аумағы — 90 000 гектар. Бұл ауданда 18 сауда үйі, 11 ірі базар, 27 «Анвар», «Дина» супермаркеттері, 186 мейрамхана, 116 дәріхана, 536 азық-түлік дүкені орналасқан. Сонымен қатар 350 көше, 1314 көпқабатты үй, 958 ПИК пен пәтер иелері бірлестігі, кондоминиум бар. Осындай үлкен аумақты алып жатқан Астана ауданында қала әкімінің №4471 Қаулысына сәйкес санитарлық тазартуға бағытталған сенбілік жұмыстары 10 қыркүйектен 10 қарашаға дейін өткізілді. Екі айлық туралы Астана ауданы әкімінің орынбасары Жақсат Төлегенов айтып берді.
— Әуелі бекітілген аумақтағы барлық мекемелер мен ұйымдарға, тұрғын үйлерге сенбілік өтетіндігі туралы ескерту парақтары таратылды. Сенбілікке ең әуелі елді мекен тұрғындары, облыстық басқармалар мен қалалық бөлімдердің қызметкерлері, мектептер мен балабақшалардың, емдеу мекемелерінің ұжымдары жұмыла кірісті. Сонымен қатар меншік түріне қарамастан, кәсіпорындар мен ұйымдардың, пәтер иелері кооперативтерімен бірлестіктердің өкілдері біркісідей атсалысты. Астана ауданы бойынша барлығы 8 сенбілік, сондай-ақ таза бейсенбі шаралары өткізілді. Оған30660 адам қатысып, 200-ден астам техника тартылды. Сенбілік жұмыстары барысында 100-ден астам көше, 58 саябақ пен шағын бақтар қоқыстан тазартылды, барлығы 245 тонна қоқыс шығарылды, — дейді Жақсат Төлегенов. Оның айтуынша, күзгі екі айлықты өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес Астана ауданы бойынша 6 мыңға жуық көшет егілді. Тал отырғызу жұмыстарының басым бөлігі Триатлон саябағы аумағында ұйымдастырылды. Ашылғанына аз ғана уақыт болса да қала тұрғындарының, әсіресе салауатты өмір салтын ұстанатындардың сүйікті орнына айналып үлгерген саябақта 582 түп жас көшет бой түзеді. Ал Бөкенбай батыр көшесі жолының бойына — 500 түп, Тұңғыш Президент саябағына 510 түп көшет отырғызылды. Едіге батыр көшесі бойындағы «Aqtobe Su Energy» мекемесі маңына— 430 түп, Жаңақоныс елді мекенінде орналасқан денсаулық сақтау мекемелері — Ақтөбе медицина орталығы,Перинаталдық орталық, Наркологиялық диспансер, Облыстық жұқпалы аурулар клиникалық ауруханасы, Гемодиализ орталығы аумақтарына — 1500 түп, Сазды елді мекені саябағына 120 түп тал егілді. Сонымен қатар орта және арнаулы оқу орындарының қызметкерлері колледж аулаларына, шағын және орта бизнес өкілдері өз аумақтарына қаланы көріктендіру мақсатында жас шыбықтар егіп қана қоймай, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, қоқыс шығарды.
Жақсат Төлегеновтің айтуынша, бұл ауданда абаттандыру ережесін бұзған заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша 310 ескерту жасалып, оның ішінде 18 тұлғаға 765 700 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Төрт мыңнан астам көшет егілді
Ақтөбені санитарлық тазартуға, абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған екі айлықта Алматы ауданы тұрғындары бес сенбілікке белсене атсалысты. Оған барлығы 7877 адам қатысып, әр сенбі сайын 15 техникаданжұмылдырылды.
Алматы ауданы әкімі аппаратының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бас маманы Раушан Әлекенованың айтуынша, өткен сенбіліктерде 40 көшенің аумағы, 17 саябақ пен шағын бақтар қоқыстан тазартылды.
— Сенбілік басталмай тұрып меншік иесіне қарамастан, барлық шағын және орта бизнес объектілеріне, мекемелер мен тұрғындарға 500-ден астам хабарлама таратылды. Саябақтар мемлекеттік мекемелер мен колледждерге бекітіліп берілді. Тазалықтың екі айлығында Алматы ауданы аумағынанретсіз төгілген қоқыстардың 19 үйіндісі анықталып, осы жерлерден 14172 тонна қоқыс шығарылды.Сонымен қатар ұзындығы 276 шақырым автокөлік жолы жөнделіп, қалпына келтірілді.Өзен жағалауындағы 3,2 километр аумақ қоқыстан, кеуіп, сынып қалған тал бұтақтарынан тазартылып, ретке келтірілді.
Екі айлық сенбілік барысында бүгінгі күнге дейін Алматы ауданы аумағында көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары, шағын және орта бизнес объектілері, ірі кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандар мен саябақ аумақтарына барлығы 4132 түп терек, шырша, үйеңкіден бөлек, жеміс ағаштары да егілді.Қазір күн суытып, қар түсті. Алдағы көктемде бұл жұмыстар жалғасады, — дейді Раушан Әлекенова.
Оның айтуынша, өкінішке қарай, тұрғындардың қоқыс алаңдарының айналасына ірі көлемдегі қоқыс және құрылыс материалдарын көп мөлшерде төгу фактісі жиі кездеседі.
— Сонымен қатар тұрғындар мен шағын және орта бизнес объектілері іргелес аумақтарын өте лас ұстайды. Аудантұрғындарына қоқыс алаңдарының маңына ірі көлемдегі қоқыстарды және құрылыс материалдарын тастауға болмайтындығы талай ескертілді. Егер осындай қоқыс төгу фактісі анықталса,«Әкімшілік құқықбұзушылық» Кодексінің 505-бабына сәйкес қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, қала мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау бойынша жауапкершілікке тартылатындығын еске саламыз.Осы орайда Алматы ауданы бойынша абаттандыру ережесін бұзған заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша 120 ескерту жасалып, оның ішінде 2 тұлғаға 76575 теңге көлемінде айыппұл салынды, — дейді Раушан Әлекенова.
Алматы ауданы аумағын тазалауға облыстық кірістер басқармасы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, қорғаныс істері жөніндегі басқарма және Ақтөбе қаласы әкімі аппараты, қалалық білім бөлімі, білім саласындағы бақылау департаментінің қызметкерлері жұмыла кірісті. Сенбілік жұмыстарына Қурайлы, 41-разъезд, Ақжар-2 елді мекендерінің тұрғындары да біркісідей атсалысты.
Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Жомарт Бақытгелдінің айтуынша, сенбілік өткен екі ай бойы қаладағы полигонға қоқыс тегін қабылданды.
Сондай-ақ ол 12 қыркүйектен 4 қарашаға дейінгі аралықта өткен әр сенбілікке 20 техника жұмылдырылғанын, осы мерзім ішінде Ақтөбе қаласы аумағы 1292 тонна қоқыстан тазартылғанын айтты.
Ереже бұзғандар айыппұл арқалады
Өкінішке қарай, қала тұрғындары арасында қала көркіне сән беріп тұрған кіші сәулет нысандарынбүлдіріп,орындықтарды сындырып, қоқыс жәшіктерін төңкеріп кететін вандализм көріністері әлі де бар. Қоқысты үй артындағы контейнерге жеткізуге ерініп, есік алдына, подъезге қойып кететіндер де жетіп артылады.
Ақтөбе облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысыРайхан Қойшанованың айтуынша, тазалықтың екі айлығы аясында объектілерді ерекше тәртіппен тексеру кезінде абаттандыру ережесін бұзғандарға 3 320 660 теңге көлемінде айыппұл салынды.
— Санитарлық тазалауды жүргізу мәселесі бойынша Ақтөбе облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жергілікті атқарушы органмен, жергілікті полиция қызметімен, облыстық қоғамдық кеңеспен өзара іс-қимыл бойынша бірлескен жұмыс жүргізді.«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»Кодексте санитарлық тазалау бойынша айыппұл салу біздің департаменттің өкілеттілігінен алынып тасталып, жергілікті атқарушы органменжергілікті полиция қызметі құзырына берілді.Тазалықтың екі айлығында жүрген жерімізде, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде санитарлық тазалау жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, 2596 ақпараттық хат тараттық,— деп түсіндірді Райхан Қойшанова.
Сондай-ақолекі ай бойы өткен сенбілікте көптеген мемлекеттік мекемелер мен жеке фирмалар өздеріне бекітілген аумақтарын тазартып, белсенділік танытқанын, алайдатұрғындардың бір бөлігі әлі де сенбілікке, жалпы аула тазалығына селқос қарайтынына қынжылатынын айтты.
Күтімі дұрыс көшет — көше көркі
Облыс әкімі екі айлық басталғанда-ақ жыл соңына дейін қала аумағында кемі 100 мың тал егуді тапсырған болатын. Тұрғындарды шаһардың жасыл желекпен көмкерілуіне үлес қосуға шақырған Ералы Тоғжанов екі айлық барысында саябақтарды аралап, тал егіп, сенбіліктің ортасында жүрді.
Қала саябақтарында өткен сенбілікте тұрғындар шырша, емен, каштан, үйеңкі секілді талдарды екті. Әрине, бұл көшеттер тамыр жайып, жайқалып өссе, қаланы көріктендіріп қана қоймайды, экологияны жақсартуға да оң ықпал етпек. Алайда егілген көшеттердің күтімі қалай болмақ?
Бұл туралықаламыздағы біраз саябақтың жасыл желекке орануына ықпал етіп отырған «Эльмира» экотәлімбағының басшысы Динара Ылайқова айтып берді.
— Екі айлық сенбілік аясында «Жасыл ел» еңбек жасағы «Менің атаулы ағашым» жалпықалалық акциясын ұйымдастырғанын білеміз. Осы акцияны қолдаған облыс әкімінің тал егу туралы бастамасы да бізді қуантты. Әрине, қазір күн суытып, жер қатып кетті. Алайда келесі көктемде де бұл жұмыстардың жалғасатынына сенімдімін. Тал егу — үлкен бастама. Өйткені Ақтөбе қаласы мен облыс аумағында экология мәселесі өте күрделі. Бұл тұрғындар денсаулығына да кері әсер ететіні анық. Әр үйдің ауласы мен саябақтарда ағаштардың небір түрі жайқалып тұрса, қаламыздың сәні кіріп, ауамыз тазарып, тұрғындардың көңіл күйі көтерілер еді. Осы күзгі екі айлық сенбілікте қаламыздағы көптеген мекемелер мен ұйымдар бізден алма ағаштарын, қарағай, шырша, қарағаш, терек, күл, үйеңкі секілді бірқатар ағаштың көшеттерін алды. Енді осы егілген көшеттер бой түзеп, жайқалуы үшін қажетті күтім жасалса, тыңайтқыш салынып, ағаштардың қисық бұталары дұрыс кесілсе, қала көркіне айналады. Ал саялы, мәуелі ағашқа айналған шақта келешек ұрпағымызға дейін пайдасы тиер еді. Сондықтан қазіргі таңда Ақтөбе қаласын сапалы көшеттермен қамтамасыз етуге тырысып жатырмыз. Әрине, біздікінен басқа да экотәлімбақтар көп қой, — дейді ол.
2017 жылы құрылған «Эльмира» экотәлімбағында қазіргі таңда 10 мыңнан астам түрлі ағаш өседі. Динара Ылайқованың айтуынша, бес жыл ішінде осы жерден жеміс ағаштарын алғандардың кейбірі жемісін көріп, тіпті сатуға шығарыпты. Кейбірі осы экотәлімбақтан алған құлпынай, таңқурайды өсіріп, жылыжайлар салып, кәсіп көзін тауыпты. Өйткені мұнда генетикалық зерттеуден өткен және біздің ауа райымызға бейімделген, яғни аязға да, ыстыққа да төзімді өсімдіктерөсіріледі.
Мәселен, Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының ұжымы Өңірлік кәсіпкерлер кеңесімен бірлесіп, «Эльмира» экотәлімбағынан алған қайың, үйеңкі, долана, қарағай көшеттерін Табыс базары ауданындағы Едіге батыр ескерткіші маңындағы гүлзарға егіпті. Бүгінде «Эльмираның» көшеттері Ақтөбенің әр аумағына егілген.
Сенбілік сыйы — тазалық пен тәрбие
Екі айлық сенбілік бізге ең әуелі тазалық сыйлады. Оған қоса сенбілікке қатысқан әр адамның ойына экологиялық тәрбиенің «дәнін» септі. Әйтпесе қаламызды тазартып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып жүрген жұрттың кейбірі жалпықалалық сенбілікке өз ықыласымен қатысса, енді бірі бастығынан «сөз естіп қалармын» деп шығуы әбден мүмкін ғой.
Ақтөбе қаласын санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша күзгі екі айлық ұйымдастыруға тапсырма берген облыс әкімі сенбілік басталғанда-ақ:
— Тазалық — тазалаған жерде ғана емес, айналаны таза ұстаған кезде ғана болады. Ауламыз таза болса, ой-санамыз да тазарады, бойымыз сергіп, көңіліміз көтеріледі. Сүйікті қаламыздың тазалығы — баршамызға ортақ іс. Ол — жас буынға үлгі-өнеге, сырттан келген қонақтар үшін тұрғындарымыздың абыройы.
Тазалық бар жердеқұтболады. Ал шашылыпжатқанжердеешқандайырысболмайды. Сондықтан,облыстыңәрбіртұрғыны,туғанөлкеніңтазалығынаүлесқосайық! Дегенментазалықжұмыстары тек акция аясындағанашектеліпқалмауғатиіс. Оләрадамныңөзіненбасталуыкерек. Сонда ғанабіздіттегенмақсатымызға жете аламыз, — деген болатын.
Расында да, отырған жерің шашылып, ыбырсып тұрса, өзіңді біртүрлі сезініп, көңіл күйіңе де әсер етеді емес пе?! Ендеше, ауламызды, қаламызды таза ұстап, оның көркеюіне атсалысайық. Көктемгі сенбілікте кездескенше!
Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.