Спорт

Күміс жүлде

Гір көтеру

Үндістанда өткен гір көтеруден әлем чемпионатында ақтөбелік Айтқали Балтабаев күміс жүлдеге ие болды.

27 қазан – 1 қараша аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында кәсіпқойлар арасында гір тасын көтеру спортынан әлем чемпионаты мен әлем кубогының кезеңі өтті. Жарысқа 17 елден 300-ге жуық спортшы қатысты.

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының балқытушысы болып жұмыс жасайтын Айтқали Балтабаев — ауыр атлетикадан сегіз дүркін облыс чемпионы. 2018 жылы Қазақстан чемпионатында ерлер арасында екінші орын иеленген. Ол әлем чемпионатында 63 келі салмақта бақ сынаған.

—  Чемпион боламын деген талабың биік болса, ынта-жігерің мықты болса, ештеңе кедергі емес. Қарапайым адам да чемпион болады деген ұстанымды әуелі өзіме дәлелдегім келді. Бұл жеңісімді үлкен спортқа келуіме түрткі болған алғашқы бапкеріме және күллі қазақ еліне арнаймын, — деп, Айтқали Балтабев алда әлі де биік жетістіктер күтіп тұрғанын айтты.

 Айгерім ШЫМҚАЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button