Білім

Ұстаз үлгісі

Өнеге

Отыз жылға жуық ұрпақты білім нәрімен сусындатып келе жатқан ардақты ұстаз Нұрлыгүл Жайтуғанова — педагогикалық қызметінде өз ісіне шын берілген, талап пен тиянақтылықты бірінші орынға қоятын маман.

1987-1991 жылдары Ақтау қаласындағы Маңғыстау педагогикалық училищесін бастауыш сынып мұғалімі және ұзартылған күн тобының тәрбиешісі мамандығы, Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы педагогикалық университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған. Ол оқу бітіргесін Маңғыстау облысында еңбек жолын бастады, 2014 жылы Ақтөбе қаласына қоныс аударып, Благодар орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі боп қабылданды.

2017 жылы Ақтөбедегі №65 жалпы білім беретін орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі боп ауысқан ол бүгінге дейін осы берекелі ұжымда еңбек етіп келеді. 

Үнемі жаңалыққа жаны құмар, балаларды өз бетімен оқуға, қалай оқу керектігін үйретуге аса назар аударатын ұстаз ұжымдастарына сыйлы. Ол жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша стратегияларды сабақ процесінде үнемі қолданып, оқушылардың топпен жұмыс жасауына, жеке және жұптық жұмыстарға баулуға үнемі көңіл бөліп отырады.

Нұрлыгүл Жайтуғанова жолдасы Сәкен екеуі төрт бала тәрбиелеп өсірген бақытты жандар. Балалары да жоғары, арнаулы оқу орындарын тәмамдап, еңбекке араласа бастады. Нұрлыгүл Жайтуғанованың өнегелі қызметі жас мамандарға үлгі.

 

Айгүл ЕСПАМБЕТОВА,

№65 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.  

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button