Пікір

Демократияның жаңа элементі

Асан СӘЛІМГЕРЕЙ,

жастар ресурстық орталығының басшысы

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жариялаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында бірнеше мәселе қамтылды. Соның ішінде Президентті бір мерзімге сайлау дұрыс қадам деп есептеймін. Бұл — демократияның жаңа элементі.

Менің ойымша, 7 жыл белгілі бір мақсат қойып, сол мақсаттың нәтижесін көруге мүмкіндік беретін мерзім. Әрі биліктің бір адамның қолына ұзақ берілуіне жол бермейтін әдіс. Дамыған мемлекеттерде бұл тәсіл әлдеқашан жолға қойылған. Және бұл өз тиімділігін көрсетті.

Белгіленген мерзім ғана берілетінін және ол мерзім ұзартылмайтынын сезінген адам мейлінше нәтижелі жұмыс істеуге тырысатыны да анық. Сондықтан осы бағыт дұрыс деп білемін.

Ендігі уақытта сол жоспар іс жүзінде сәтті жүзеге асып, елдің жағдайы жақсара түскей!

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button