Білім

Балдырған

Сырласу

Бақытты шақ

Менің ойымша, балалар армандау үшін жаралған. Олар бақытты балалық шақтың бал өмірін кешу үшін жаралған.

Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз.

Ал өткен ғасырлардағы әже-аталарымыз тіпті оқи алмай, балалықтың бал дәмін тата алмады. Әрине, өкінішті.

Ал біз он үш жасқа келгенімізбен әлі балалығымызды қимаймыз. Бара-бара, есейген кезде сол балдәурен балалық шағымызды сағынатынымыз белгілі. Кейбіреулер өздерін балалық шақпен ерте қоштасқандай сезінеді. Олар қателеседі. Себебі, олар балалық шақтың құдіретін сезіне алмай жүр. Сондықтан да менің достарыма айтарым,  балалық шақтың бал дәмін сезінген бұл кездің ең бақытты шақ екенін ұмытпайық, абзал достар!

Гүлсезім БАЙШОЛАҚОВА,

С.Оразалин атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы.

Аралтоғай ауылы,

Әйтеке би ауданы.

Туған жер

Пойыз даусы

Менің туған жерім — Тереңсай ауылы. Маған өзімнің туған жерім бәрінен де ыстық.

Ауылымызда 11 жылдық мектеп, аурухана, шағын дүкендер бар. Біздің өңірдің табиғаты әдемі, суымыз тап-таза. Ауылымыздың іргесінен темір жол өтеді. Пойыз даусы сағат сайын естіліп тұрады.

Аулымыздың көшелеріне қазақ ақын-жазушыларының есімдері берілді. Қаладан ауылға автобус қатынайды. Енді ауылымызға ауыз су құбыры келсе деп үміттенеміз.

Мен өз елімде өмір сүріп, мектепте оқып жүргенімді мақтан тұтамын. Гүлдене бер, туған жерім — Қазақстан!

Аят ОРЫНБАСАРОВ,

Северный орта мектебінің 3-сынып оқушысы.

Әйтеке би ауданы.

Әдемі үйлер

Менің ауылым — Бершүгір бекеті. Ауылымыздың ауасы таза, суы мөлдір.

Ауылда мектеп, клуб, пошта, дүкен, аурухана және көптеген әдемі үйлер бар. Ауруханамыз жаңадан салынды, тағы бір жаңа мекенжай — балабақшамыздың атауы — «Балбұлақ».

Ауылымыз таулы жерге орналасқан. Мен демалыста қалаға қыдырып кетсем, ауылымды сағынып, тезірек ауылыма оралғанымды аңсап отырамын. Оның себебі, өз ауылыма ештеңе жетпейді екен. Менен «ауыл жақсы ма, қала жақсы ма» деп сұраса, «ауыл жақсы» деп, ауылымды мақтаймын.

Айдана ҚОЙЛЫБАЙ,

7-сынып оқушысы.

Бершүгір бекеті,

Шалқар ауданы.

Оқушының өлеңі

Ақтөбем

Келбетіңе қараймын мен таңырқап,

Дәл осылай сүйсінеді бар ұрпақ.

Ғимараттар басымыздан сипайды,

Балалық шақ қалмауы үшін жабырқап.

Мен қалама риза боп жүремін,

Сен деп соғар әрқашанда жүрегім.

Жауһар тастан соғылғандай шаһарым,

Өркендей түс — шын жүректен тілерім.

Бақытханым АРТЫҚБАЕВА,

№30 орта мектептің оқушысы.

Ақтөбе қаласы.

Туған жер

Туған жерім — киелім,

Ата-анамдай сүйемін.

Суығына тоңамын,

Ыстығына күйемін.

Мырзабек РАЙЫМБЕК,

А.Жұбанов атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы.

Мұғалжар ауданы.

Өтірік өлең

Балапанға мініп ап,

Үйге бардым зымырап.

Құмырсқа да желікті,

Басып кетті керікті.

Биханым ҰНАНОВА,

І.Үргенішбаев атындағы орта мектептің 5-сынып оқушысы.

Шалқар қаласы.

Біліп жүр

Алғашқы энциклопедия қашан шықты?

Қажетті ақпаратты сүзіп алу үшін көп жағдайда энциклопедияға үңілуге тура келеді. Себебі мұнда барлық тақырып қамтылған. Ал энциклопедия қашан қайдан шықты?

«Энциклопедия» деген сөз ең әуелі Грекияда пайда болды. Мағынасы — өмірде кездесетін әртүрлі жайларға қатысты нұсқамалар. Энциклопедия сөзін ағылшын тіліне 1538 жылы сэр Томас Элиот алғаш рет енгізді де, оған «ғылым мен пәндерге мәлім барлық жайларды түсіндіретін кітап» деген анықтама берді.

Қазіргі заманда энциклопедиядағы атаулар алфавит ретімен түзіледі де, одан қажетті сөзіңді оңай тауып аласың. Ал ежелгі энциклопедияларда бұл тәртіп сақталмаған болатын. Мысалы, орта ғасырдағы энциклопедиялардың бірі Құдайлар мен періштелер туралы әңгімелерден басталып, әтірлер мен иістерді, гүлдерді және жұмыртқалардың 36 түрін баяндаумен аяқталады.

Бізге дейін жеткен ең көне энциклопедияны біздің заманымызға дейінгі І ғасырда Римде Плиний жазған. «Нақты тарих» деп аталатын, 37 томнан тұратын бұл кітапқа 20 000 мақала енгізілген. Плиний 450-ден астам автордан цитата алған. Бұл энциклопедияның бағалы болғаны соншалықты, 1536 жылға дейін оны 43 рет қайта басып шығарған!

Ал ең ірі энциклопедия — Қытайдың үшінші энциклопедиясы. Бұл кітапты 1721 жылы өлген Қытай императорларының бірі жасақтауға нұсқау берген екен. Энциклопедияның жалпы көлемі — 5020 том!

Алфавит бойынша түзілген алғашқы энциклопедияны ағылшын священнигі Джон Харрис жасақтаған. 1704 жылы жарыққа шыққан бұл кітап « Ағылшын әмбебап ғылым және өнер сөздігі» деп аталды.

1743 жылы Францияда тағы бір ерекше кітап жарық көрді — «Энциклопеди». Вольтер, Руссо, Дидро тәрізді көптеген ғылым қайраткерлері еңбек сіңірген бұл кітап өте құнды болып шықты.

Әйгілі «Британика энциклопедиясы немесе Өнер мен Ғылым Сөздігі» 1768 жылы Шотландияда жарық көрді. Қазірге дейін шығарылып келе жатқан бұл энциклопедияны 1911 жылдан бастап Америка Құрама Штаттары ұсынып келеді.

Басқа жаңалықтар

2 Comments

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button