Референдум

Өзгерістер  — халық көкейінде жүрген мәселелер

Облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Мұхтар Жұмағазиев пен Бауыржан Қаниев «Бопай» балабақшасында болып, ұжымға республикалық референдум барысы туралы кеңінен түсіндірді.

— Өздеріңіз білетіндей, 5 маусымда елімізде республикалық референдум өтеді. Біздің Ақтөбе өңіріне келудегі мақсатымыз —референдумның қоғамға, халыққа қандай пайдасы болатынын тұрғындарға түсіндіру. Жаңа Заң жобасымен өздеріңіз де танысып шыққан боларсыздар. Бұл референдумның нәтижесінде Конституциямыздың 30 пайызы өзгереді. Ол өзгерістердің барлығы — халықтың көкейінде жүрген мәселелерге қатысты. Бұл референдум — жаңа кезеңге өтудің бастамасы, — деді сенат депутаты Бауыржан Қаниев.

Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға тоқталған депутат Мұхтар Жұмағазиев осы референдум нәтижесі арқылы еліміздің болашағы айқындалатынын айтып, балабақша ұжымын саяси науқанға қатысуға шақырды.

«Бопай» балабақшасының меңгерушісі Баршын Жұмашева өзі басқарып отырған ұжымның референдумды қолдайтынын айтып, 5 маусымда жаңа Қазақстанды құру жолында біркісідей жұмылып дауыс беретіндерін жеткізді.

Балабақшаның ішін аралап, балалармен тілдескен сенаторлар мекеме жұмысына жоғары баға берді.

Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button