ПікірРеферендум

Оң өзгерістер болатынына сенемін

Күні кеше елімізде орын алған үлкен саяси науқан, яғни жалпыхалықтық референдум өз мәрежесіне жетті. Бір айға жуық уақытқа жалғасқан ақпараттық – түсіндірме жұмыстарына және ел тарихындағы елеулі оқиғаға бейжай қарамай белсенділік танытып, қарапайым халық пен билік арасына көпір сала білген барша қоғам белсенділеріне алғысымды білдіремін.

Аталмыш референдумның басты мақсаты – ықпалды Парламенті және жауапты Үкіметі бар Президенттік формадағы мемлекетке бет бұру. Осыған орай ауқымды өзгерістер Конституцияның үштен бір бөлігін қамтиды.

Араға 27 жыл салып, ел тарихындағы өткен маңызды шарадан дүйім жұртпен бірге менің де ел азаматы ретіндекөп үміт күтемін. Мемлекетке артылған үміт ақталатынына да күмәнім жоқ. Себебі, Заң үстемдігі бірінші орынға қойылған мемлекетте тәртіп болары сөзсіз. Тәртіп бар жерде, тұрақтылық пен алға даму бар.

Отанымыздың жарқын болашағына қадам басар, «Жаңа Қазақстан» құруға бағытталған қоғамдық-саяси реформалар оң өзгерістер әкелеріне сенемін.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үндеуінде атап өткендей, елімізді дамыту үшін әлі де көп жұмыс атқаруымыз керек. Ендеше жаңа Қазақстанды өркендетуге әрқайсысымыз өз үлесімізді қосайық!

Абай САҚТАҒАНОВ, «AMANAT» партиясы Ақтөбе қалалық филиалының депутаттық фракциясының жетекшісі, қалалық мәслихат депутаты

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button