Референдум

6 миллионнан астам адам өзгеріс үшін дауыс берді

5 маусым — ел тарихындағы тағдыршешті күндердің бірі ретінде есте қалатын болады. Себебі Тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет Ата Заңға толықтырулар мен өзгерістер енгізуге референдум өткізу арқылы халық дауыс берді. Яғни, халық өз болашағы үшін таңдау жасады. 

6 маусымда таңғы 8.00-дегі жағдай бойынша еліміздің барлық өңіріндегі және шет елдердегі референдумның 10012 учаскесінде дауыстарды санау аяқталды.Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров референдумның алдын ала қорытындысын жария етті.

Референдумға қатысу құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны — 11 миллион 734 мың 642 адам.Дауыс беруге  7 миллион 986 мың 293 адам қатысты. Бұл —  референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың 68,06 пайызы.Осылайша референдум өтті деп есептеуге болады, — деді ол.

6 миллион 163 мың 863 адам референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берді. Бұл еліміздің барлық өңірінде дауыс беруге қатысқандардың 77,18 пайызы. Ал 1 миллион 490 мың 475 адам (18,66 пайызы) — конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берді.

Жауаптардың екі нұсқасы да таңдап алынған, яғни жарамды деп танылған, алайда дауыстарды санау кезінде ескерілмейтін бюллетеньдер саны — 125 мың 859 бюллетень (1,58%). Дауыс берушілердің ерік білдіруін анықтау мүмкін болмайтын және жарамсыз деп танылған белгіленбеген үлгідегі бюллетеньдер саны —206 мың 096 бюллетень(2,58%).

Республикалық референдумның қорытындылары Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясының отырысында белгіленетін болады.

«Ақтөбе-ақпарат»

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button