Білім

Жас таланттардың өнері

Есет батыр атындағы шағын аудандағы №78 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Жанталас» атты актерлік мектебі ашылды.

Ашылу салтанатына облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан, «Үштаған» журналының бас редакторы, ақын Ертай Ашықбаев және облыстық мәслихат депутаты Сұлупан Шынтасова қатысып, оқушылардың өнерін тамашалады. «Жанталас» актерлік мектебінің оқушылары жазушы Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымын көрсетті. Бұл туынды Нұр-Сұлтан қаласында өткен халықаралық «Жұлдызды сәт» және «Орта Азия таланттары-2022» байқауында  гран-при алған болатын. «Жанталас» актерлік мектебібойында ерекше таланты бар жастарды одан әрі шыңдамақ. Халықаралық «Таланттар әлемі-2021» фестивалінің жүлдегері«Сымбат» би ансамблі де мектептің мақтанышына айналды. «Жас өнерпаз» республикалық ән байқауының жүлдегері Расул Серікқалиев, «Ұлы дала ұрпағы»республикалық байқауының жүлдегері, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Нарқыз Жанұзақовалар жанды дауыста ән салды.

Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығы бойынша«Балалар жылы»аясында мектептерде театр сабақтары жүргізілуі тиіс болатын.Соған сай ашылған «Жанталас»актерлікмектебіне әзірге 50 бала қабылданды.

Театрдың мақсаты — «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында балаларды тарихи кітаптармен таныс болуға, әдеби шығармаларды оқуға құштарлығын арттыру.  Алдағы уақытта театрға төменгі сыныптың оқушыларын тарту ойымызда бар, — дейді мектеп директоры Жанар Сейтмағанбетова. Айта кетсек, оқушыларға театр өнерін үйрететін актерлік мектептің жетекшісі музыка пәнінің мұғалімі Фархат Шынтеміров.

Концертпен көркемделген салтанатты шарада қонақтар пікірін білдіріп, оқушыларға сәттілік тіледі, ал басқарма басшысы Жолдас Батырхан оқушыларға ықылас гүлін табыс етті.

Самат НАРЕГЕЕВ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button