Жеңіс

Ақтөбе облысында Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай ардагерлерге төлемдер жасалды

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында 101 мыңнан астам зейнеткер бар, оның ішінде 4000-нан астам адам –  ардагер, 2000-нан астам адам – тыл ардагерлері.

Жалпы алғанда, 4 327 адамға 677,6 млн. теңге сомасында төлемдер берілді.

Ел Үкіметінің қаулысына сәйкес, Жеңістің 79 жылдығы қарсаңында өңірде, қалалық және аудандық мәслихаттардың шешімдері бойынша бірреттік материалдық көмек көрсетілді.

Ақтөбе облысында тұратын соңғы Ұлы Отан соғысының ардагері Грецкий Василий Ивановичке 2 140 000 теңге төленді.

Бірреттік көмек 1772 адамға, соғыс қатысушылары мен басқа да санаттағы мүгедектерге, соғыс кезінде жарақат, контузия, өлім немесе аурудан қайтыс болғандарға 230 000 теңге мөлшерінде көрсетілді.

▪️ Олардың арасында Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер, Тәжікстан-Ауғанстан учаскесіндегі әскери қызметшілер, Ирактағы, Таулы Қарабахтағы қақтығысты реттеуге жіберілген әскери міндеттілер, Чернобыль АЭС-індегі болған апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар, Семей полигонына  ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқандар және жоғарыда аталған санаттағы 77 отбасы бар.

Сондай-ақ, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған 1 адам 230 000 теңге мөлшерінде төлем алды.

ҰОС кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі немесе ауруға шалдығуы салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамның зайыбы (жұбайы) санаттарында 201  адамға 150 000 теңге көлемінде біржолғы көмек берілді.

Бұдан басқа, тыл ардагерлеріне, яғни 2 280 адамға 100 000 теңге көлемінде бірреттік төлем жасалды.

Жыл сайын осы санаттағы 48 азамат жеке оңалту бағдарламасында көрсетілетін санаторлы-курорттық қызметті пайдалануда.

Айта кетейік, Жеңіс күніне орай берілетін бірреттік төлем жыл сайын мереке қарсаңында төленеді және біздің елімізде белгіленген төлем мөлшері көрші елдермен салыстырғанда алдыңғы қатарды иеленіп келеді.

🚀 t.me/aqtobe_oblysy_akimdigi

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button