Денсаулық

Оңалту бөлімшесі ашылды

Облыстық фтизиопульмонологиялық орталық жанынан оңалту бөлімшесі ашылды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Енді өкпе қуысы дертіне шалдыққан жандар тегін ем ала алады. Әсіресе COVID-19 індетімен ауырған науқастар пайдасын көрмек.

Бөлімшеде магнитотерапия, электрофорез, массаж, емдік жаттығулар, оттегі терапиясы, ингаляциялар, кинезиотерапия кабинеттері бар. Орталықтың сыйымдылығы 140 адамға шақталған. Оның 80-і ересектерге, 60-ы балаларға арналған. Жалпы бір жылда 3 мыңға дейін емделушіні қабылдауға дайын.

Науқастар тіркелген емханаларынан жолдама алып, портал арқылы ем ала алады. Емдеу курсы10 күн.

Жаңа бөлімше алдағы уақытта жаңа құрылғылармен толықпақ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button