Ауыл

Палуандар белдесті

Байғанин ауданында алғаш рет «Өнер барысы» шарасы өтті.

Аудандық Мәдениет үйінің 50 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған сайыста 16 спортшы сынға түсті.

Шараның мақсаты — жастар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Жарыстың бас жаттықтырушысы Баубек Бердіғалиев қатысушыларға төл күрестің қыр-сырын тереңірек ұқтырып, бір ай бойы жастардың тәжірибелерін шыңдады.  Жарыстың алғашқы күнінде палуандар салмақтарын өлшеп, жеребе алды.

Сайыстың екінші күнінде белдесу бастады. Шара барысындаауылақсақалыҚұралБеркалин бата берді. Әр спортшы ортаға «Қара айдаһар», «Балуан шолақ», «Қасқыр» сынды лақап аттармен шақырылды. Палуандар 65-80 келі және 80 келіден жоғары салмаққа бөлініп, бозкілемде тартысқа түсті. Жалпы сайыс қорытындысында орта салмақ бойынша І орынды НұрсұлтанҚаратаев, ІІ орынды Ринат Сыраж, ІІІ орындыАмандосЖиғанбаевиеленді.Жоғары салмақ белдесулері бойынша І орынды Батырбек Аманқос жеңіп алды. ІІ орынға Қуандық Өтен, ІІІ орынға Қараш Мырзабек ие болды.

Жеңімпаз палуандарақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ оларға Жарлы ауылындағы қолөнер шебері Айдар Қайдасов жасаған белдіктарту етілді.

Рита ХАЛЫҚҚЫЗЫ,

Байғанин ауданы

Басқа жаңалықтар

Back to top button