Мәдениет

Димаш жаңа композиция ұсынады

18 ақпанда Димаш Құдайберген Санкт-Петербургке келіп, өзінің жаңа музыкалық бейнебаянының түсіріліміне кірісті. Бұл туралы dimashnews.com хабарлайды.

Димаштың «О’кей» атты жаңа композициясының премьерасы 5 наурызда Ресейдің «НТВ» телеарнасындағы «Орталық теледидар» бағдарламасында өтеді. Әннің авторлары — танымал ресейлік композиторлар Игорь Крутой мен Игорь Николаев.

Қазіргі заманғы музыка мен классикалық дыбыс элементтерін біріктіретін композицияда лирикалық кейіпкер өткен махаббат туралы естеліктерге бой алдырады.

2021 жылдың қыркүйегінен бастап әнші Қытайда болды, ол онда «Жарыққа ұмтыл» жобасының түсірілімі үшін барған болатын. Шоудың алғашқы шығарылымы 2021 жылдың 20 қарашасында «Dragon TV» және Youku.com. телеарналарында көрсетілді. 2022 жылдың 29 қаңтарында жоба жеңімпазы анықталды. Димаштың командасы «Жарық жылдамдығынан алты есе жылдам» деп танылды. Қытайда болған кезінде әнші «Sailing-2022» жаңажылдық гала-концерті, CCTV Global Chinese Music Charts гала-концерті, Silk Road International Film Festival халықаралық кинофестивалі, Action League Charity Award Ceremony рәсімі және басқа да көптеген ірі іс-шараларға қатысып үлгерді. 2022 жылдың 3 қаңтарында Димаш қысқы Олимпиада ойындарының ресми ұранына айналған музыкалық бейнебаянның түсіріліміне қатысты.

Қазір Димаш өзінің концерттерін қайтадан қолға ала бастады. Оның алғашқы шоуы Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласы Дубайда өтеді. Одан кейінгі концерттері Минск, Дюссельдорф  және Прага қалаларында өтпекші.

Басқа жаңалықтар

Back to top button