Экономика

Несие алуға өтініштер қабылданады

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы облыс аумағында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және оларды бөлшек сауда белгіленген бағада сату үшін несие беруге өтініштер қабылдайды.

«Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерліккорпорациясы» АҚ төрағасының орынбасары Ақтоты Тасымбетованың айтуынша, бұл жолы несие тек нарықта тауық етін төмендетілген бағамен сату мақсатында беріледі. Қарыз мерзімі — 1 жылға дейін, кейін оны 3 жылға дейін ұзатруға болады. Жылдық сыйақы мөлшерлемесі — 0,1 пайыз. Қарыз айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі.

Несие алу үшінауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің азық-түлік тауарларын өндіруге, сақтауға арналған өндірістік алаңы, ал сауда субъектілерініңсауда-логистикалық инфрақұрылымы болуы қажет.

— Сондай-ақ мерзімі өткен берешектің, салық берешегінің болмауы, мемлекеттік сатып алу бойынша жосықсыз өнім берушілер тізілімінде болмауы және мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған, уақтылы орындалмаған міндеттемелері болмауы тиіс. Банкроттық, не тарату рәсіміне жатпауға тиіс, — дейді Ақтоты Тасымбетова.

Өтініштерді қабылдау 24 қаңтардан 6 ақпанға дейін жүргізіледі.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.  

Басқа жаңалықтар

Back to top button