Мәдениет

«Өмір кемесіндегі» ерекше әуен

Ақтөбе қалалық саңыраулар қоғамы Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Мүгедектер күні қарсаңында «Сезім нұры» атты мерекелік кеш өтті.

Сазды кешке Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айбек Көпенов қатысып, қала әкімі Асхат Шахаровтың атынан бірқатар өнер саласында жүрген азаматтарды марапаттады.

Шектеу шараларын сақтай отырып қалалық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған шарада өнерлі ұжым ең жаңа және  үздік нөмірлерін ұсынды. Көрермен бір жарым сағат «Сезім нұры» атты круиздік кемеде жүзіп, ән әлеміне бөленді. Кештің форматы да басқа концерттерге қарағанда өзгеше. Сахна да тағдырлары бір мүмкіндігі шектеулі жандардың жан дүниесін біріктіретін «Өмір кемесі» ретінде безендірілген.

Шара барысында  қалалық қазақ зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің ұжымы, облыстық арнаулы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар мектеп-интернат-колледжі оқушылары, қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қорғау қоғамы қоғамдық бірлестігінің өнерлі өрендері мен  үлгілі «Арай» би ансамблі өнер көрсетті.

Сондай-ақ фойеде дарынды жандардың қолынан шыққан түрлі тақырыптарды қамтыған қолөнер көрмесі ұсынылды.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Back to top button