Спорт

Хромтаудың волейболшы қыздары топ жарды

Хромтаудың жас волейболшылары ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Петропавл қаласында өткен қалааралық турнирде топ жарып, жүлдемен оралды.

Аталған турнирге Хромтау ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен екі команда қатысқан болатын.

Хромтаулық волейболшы қыздар ойынды қыздырып, тартысты бәсекеде 2007-2008 жылы туғандар арасында I орынды жеңіп алды. Сонымен бірге 2009-2010 жылғы волейболшыларымыз да өз тобында III орыннан көрінді.

— Ұйымдастыру деңгейі жоғары сайыс болды. Турнирге өзімнің және жаттықтырушы Қуаныш Төлебайдың оқушылары қатысты. Аталмыш сайысқа дайындық қызу түрде өтті. Себебі бұл еліміздің күзгі чемпионатына дайындық ретінде өткізілген турнир болатын. Еңбек ақталды, нәтиже жақсы. Қазіргі уақытта чемпионатқа дайындық үстіндеміз, — дейді Хромтау аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ринат Ерғазин.

 Жанел ӨТЕУЛІ,

Хромтау ауданы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button