Жаңалықтар

Қазыналы қарттарды құттықтады

Ақтөбе қаласындағы «Рамазан» ЖШС өкілдері Қарттар күніне орай ардагерлердің шаңырақтарына арнайы барып, оларды мерекемен құттықтады.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін шара бұл күні де қарттардың жүзіне қуаныш сыйлады. «Рамазан» ЖШС-ның коммерциялық бөлім басшысы Айгүл Әлжанова қарттарға ізгі тілегін арнап, еліміздің өркендеуі үшін еңбек еткен қарияларға құрметпен қарау бүгінгі ұрпақтың міндеті екенін атап өтті.

— Қарты бар ел — қазыналы ел. Қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу болған қарттарымыз қашанда құрметке лайық. Олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл-кеңестерінің орны біз үшін бөлек.

Үлкенді сыйлау — ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Жыл бойы біздің мекеме тарапынан да жалғызбасты қарттарымызға көмек көрсетіліп тұрады, — дейді Айгүл Әлжанова.

Мереке күні аталған мекеме өкілдері бұрын осы салалы қызмет еткен 36 зейнеткерді құттықтады. Оларға «Рамазан» өнімдері салынған азық-түлік жиынтықтары мен сый-сияпаттар берілді.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button