Ауыл

Ойын алаңы салынды

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында «AltynEx Company» компаниясы өз қаражаты есебінен Алтынды ауылына ойын алаңын салып берді.
Мұнда балаларға әртүрлі спорт құрылғылары, сырғанақ, құмсалғыш орнатылған және жастарға арналған воркаут алаңы бар.
Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізіп, тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.
Ойын алаңдарын орнату жұмыстарын жергілікті жеке кәсіпкер Қанат Айбосынов жүргізді. Сонымен қатар жергілікті қоғамдық кеңестің және ауыл жастарының ұйымдастыруымен ойын алаңдарының айналасына күз айында тал көшеттерін отырғызу жоспарланып отыр.
Алдағы жылы Алтынды балалары жаңа мектепке барады. 104 оқушысы бар Алтынды орта мектебінің әзірге ғимараты жоқ. Ауыл мектебі апаттық жағдайда болған соң, бүгінде 60 орындық жаңа мектептің іргетасы қаланып жатыр. Мектептің құрылыс жұмыстарын «Ер-Қанат сервис» ЖШС бастап кетті.
Жоспар бойынша жаңа мектеп 2022 жылы пайдалануға берілмек.

Жандос АЙТЖАН,
Мұғалжар ауданы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button