Жаңалықтар

Ұжым болып вакцина салдырдық 

— «AQTOBE MALL» — қызметкерлерінің барлығы түгел  вакцина салдырған сауда-ойын-сауық орталықтарының бірі. Бүгінгі таңда орталықта 48 адам жұмыс жасайды. Олардың барлығы мамыр айында «Спутник V» вакцинасын алды. Санитарлық талаптарды қатаң сақтайтын сауда орталығы «Ashyq» жобасына да алғашқылардың бірі болып қосылған болатын. Қазіргі таңда сауда-ойын-сауық орталығына келгендердің барлығы қосымша арқылы тексерілгеннен кейін ғана ішке кіре алады.

Байқағаным, облыста вакциналау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Өзіміз бен айналамыздағы жақындарымыздың амандығы үшін вакцинаны міндетті түрде алу керек  деп ойлаймын.

Алина КҮШАМАНОВА,

«AQTOBE MALL» сауда, ойын-сауық орталығының қызметкері

Басқа жаңалықтар

Back to top button