Әлеумет

Инватакси қызмет көрсетеді

Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласында екі «Инватакси» қызметі жұмыс істейді.
Инватакси — мүгедектігі бар адамдар күнделікті пайдаланатын сұранысқа ие қызметтердің бірі. Бүгінде қаламызда бұл қызмет түрі жақсы дамып келеді.1-топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар жылдың кез келген уақытында және ауа райы қандай болса да көтергіші бар арнайы машиналардың қызметтерін тегін пайдалана алады.
Инватакси қызметі мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жұмыс істейтін және оқитын мүгедектерге (арбадағы мүгедектерге, мүгедек балаларға және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1-топтағы мүгедектерге) көрсетіледі. Көлік жүргізушілері өте мұқият. Автокөліктерге дезинфекция жұмыстары жүргізіледі және жолаушылар да өз қауіпсіздігіне сенімді.
«Инватакси» қызметтерінің байланыс телефондары: «Ерекше таңдау» кооперативтік қоры —  87785505581 және «Social Servisec» ЖШС — 87015242635.

А.ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Back to top button