Мәдениет

25 ақтөбеліктің үміті   

«Рухани қазына – 2021»:

18 мамыр — Халықаралық музей күнінде Көкшетау қаласында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру аясында Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен «Рухани қазына — 2021» фестивалі басталды. Мәдениет ұйымдары мен қызметкерлерінің арасында өткізілген байқауда ақтөбеліктер де бақ сынап жатыр. 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысып жатқан онлайн фестиваль жұмысына жер-жердегі сала мамандары да тартылған. Олардың арасында біздің облыстық орталық кітапхана, музей, қалалық қазақ зағиптар қоғамы Мәдениет үйінің өкілдері де бар.

Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Алтынай Юнисованың төрағалық етуімен өткен комиссия отырысында фестивальдің ақтық сынына кітапхана, музей ісі мен мәдени ойын-сауық саласынан барлығы 25 қызметкер мен мәдениет мекемелерінің құжаттары, бейнематериалдары жіберілген болатын. Олар — облыстық, қалалық, аудандық және ауылдық деңгейдегі мемлекеттік музей, кітапхана ісі, мәдени ойын-сауық саласынан жалпы саны 313 қатысушыдан озып шыққандар.

21 мамыр — Мәдениет және өнер қызметкерлерінің кәсіби мерекесінде Көкше төрінде марапаттау рәсімі өтіп, үздік шыққандар салтанатты жағдайда фестивальдің мүсіні мен ақшалай  сыйлықтарына ие болмақ. Жерлес 25 қатысушы да өнер мерекесінен құр қол қайтпайды деген үміт бар.

Әзірге фестиваль қонақтары семинар жұмысына қатысып, тәжірибе алмасып жатыр.

Айбек СЕРІКҰЛЫ. 

Басқа жаңалықтар

Back to top button